Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
11
USD
432
+2.31
EUR
506
+3.43
RUB
5.52
+0.10

Жасыл экономика – қауіпсіз болашаққа апарар жол

Ғалымдардың есебінше, егер ауа температурасы 2 градусқа көтерілсе, оның арты адамзат үшін аса қатерлі болмақ. БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мун мырза өз блогындағы бір жазбасында: «Мен қашанда ғаламдық жылынуды аса маңызды мәселелердің қатарына жатқызатын едім. Қазіргі таңда егер шұғыл шаралар қолға алынбаса, біз үлкен апаттың алдында тұрғанымызды мойындауымыз керек» деп мәлімдеген еді. Бұл күрделі мәселені Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та жаһандық деңгейде көтеріп, тіпті елдің болашақ дамуын жасыл экономикамен байланыстырып, қалпына келетін баламалы энергия көздерін дамытуға жол ашып келеді. 2015 жылы БҰҰ-ның климаттың өзгеруіне байланысты Париж конвенциясына еліміз ойланбастан қол қойды. Әлемнің 170-тен астам елі мақұлдаған құжат – адамзаттың Жерді болашақ ұрпақ үшін қазіргі күйінде сақтап қалуға жасалған үлкен қадамы болмақ.

Бұл тарихи құжатқа сәйкес, дү­ние­жүзінің 196 мемлекеті 2100 жыл­ға дейін Жер температурасын це­ль­сий бағамы бойынша 2 градустан асыр­май ұстап тұруы керек. Бұл ара­да энергетикалық үнемділік мә­се­лесі, әсіресе, дамушы елдерге сал­мақ болмақ. Себебі, бүгінде ауа­ны ластайтын, экологияға көп за­лал келтіретін мұнай-газ бен көмір жа­ғу арқылы энергия өндіріп отыр­ған елдердің дені – дамушы мем­ле­кеттер. Бірақ экология алдындағы жауап­кершілікті дамыған мемле­кет­тердің мойнынан алып тастауға тағы болмайды. Дамыған елдердің индустриялық даму жолында эко­логиялық талаптарды ескермей, Жер­дің ластануы мен ысыуына қан­­шалықты кері әсер еткені тарих­тан белгілі. Бүгінгі таңда көмірқыш­қыл газын көп шығаратын Қытай, Үн­дістан, т.б. алпауыт әрі халқының әл-ауқаты төмендеу елдердің эко­ло­гиялық таза энергия көздеріне кө­шуі үшін қандай шаралар қолда­нылуы керек әрі бұл үшін кім ақша шығындайды деген сауал ғалым­дар­ды қатты мазалайды. Түптеп кел­генде, мәселенің бір қыры қыр­уар қаржы мен жеке мүдделерге бай­­ланып тұрғандай.

EXPO – 2017: баламалы қуат көздерін табу жолындағы ізденістер
Биыл көктемде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жасыл эко­номиканы дамыту бойынша әлем­дік жол картасын әзірлеуді ұсынған еді. Президенттің бастамасымен бұл жоба ауаға тарайтын зиянды газ­дар мен қалдықтардың көлемін қыс­қартумен қатар, биоорта үшін қа­жетті жерлердің қаз қалпында сақ­талуын қамтамасыз етуді көз­дейді. Өз кезегінде Президент: «Бү­гін­де экономикалық есеппен қор­ша­ған орта бойынша атқарылатын ке­шенді шаралар тысқары қалуда. Әри­не, климаттық өзгерістер бойын­ша жаһандық бастама өте маңызды, алайда өзге проблемалар туралы ұмытпауымыз керек. Париж ке­лісімі аясында «жасыл эконо­ми­ка­ны» дамыту мен табиғи ресурс­тар­ды тиімді қолдану бойынша Жол кар­тасын әзірлеуді ұсынамын» де­ген еді. Сарапшылардың айтуынша, Қазақстанда жасыл баламалы энер­гия көздерін дамыту тақырыбымен үндесіп өтетін жаһандық EXPO – 2017 көрмесі де еліміздің жасыл эко­номикаға бағытталған қадамын қуат­таумен қатар, бұл саланың дамуына жаңа көзқарас пен леп әке­леді деген сенімде.
Ғалымдардың болжауынша, қа­зіргі таңда кеңінен қолданылатын негізгі энергия көздері (мұнай- газ, көмір) шамамен 40-100 жылдан кейін сарқылуы мүмкін. Оның ішін­де, мұнай қоры – 40-50 жылдан кейін, газ – 80 жылдан кейін мүлдем жоқ болуы мүмкін. Өкінішке қарай, бү­гінде өндірілетін энергияның 85 пайы­зы осындай органикалық отын түрлерінен алынады. Бұл тұста елі­мізде баламалы энергия көздерін өн­діру бағытында зерттеулер де, ал­қалы басқосулар да жүргізіліп жа­тыр.
Мамандар алдағы 20-30 жылда Қа­зақстанда жаһандық климаттың өзгерісі қатты сезілетіндігін бол­жай­ды. Сондықтан Елбасының бас­­­тамасымен «Жасыл көпір» бағ­дарламасы дайындалып, тұрақты ұлт­тық даму стратегиясына айнал­ған еді. Оның аясында 2010-2014 жыл­дарды қамтыған «Жасыл даму» бағ­дарламасы әзірленген еді. Жал­пы, «Жасыл көпір» бағдарламасына қайта қалпына келетін баламалы қуат көздері мен таза өнімдерді шы­ғаруға мүмкіндік беретін жобалар қатысып, бұл өз кезегінде жасыл тех­нологиялар мен жасыл инвес­ти­циялық жобалардың кеңінен қол­данылуына біршама жол ашып отыр­ғаны анық. Бірақ өкінішке қа­рай, ғаламторда берілген мәлі­мет­терге сенсек, бұл бағдарламаның жүзеге асуында да өзіндік түйткілдер бай­қалады. Кейбір инвестициялық жо­балар, оның ішінде бірқатар ірі су қоймаларын тазарту жұмыстары әлі де толықтай іске аспаған. Десе де, алғашқы тәжірибелер эколо­гия­лық мәселелермен жүйелі әрі ке­шен­ді айналысып отыру қажеттігін көр­сеткен.


 

Азаматхан ӘМІРТАЕВ,
«Байтақ болашақ» экологиялық альянсының төрағасы:

20 жылдан кейін әлемде ауызсу мәселесі қиындамақ

Жақында «Байтақ Болашақ» эко­ло­гиялық альянсын құрған Азаматхан Әмір­таев елімізде табиғатты қорғау мә­селесімен айналысатын ұйым­дар­дың бірлескен кешенді әрі жүйелі жұ­мыстарды атқармай отырғандығын өкінішпен жеткізеді. Ұлт жоспарында ай­тылған қоғамдық ұйымдардың бел­сенділігін арттыру бағытында еңбек етіп келе жатқан сарапшы отандық және әлемдік экологиялық түйткіл­дер­ді шешудің жолдарын «Айқын» га­зетіне берген арнайы сұхбатында ашып айтты.

– Соңғы жылдары Америка, Анг­­лия, Ресейде болып, білімімді же­тілдірдім. Дүниежүзіндегі эко­но­ми­калық даму мен әлемдік жағ­дай­лардың оған тигізер әсерін зерттей келе, экологиялық мәселелермен ай­налысу қажеттігін түсіндім, – деп бас­тайды әңгімесін Азаматхан Әмір­таев: – Бүгінде Қазақстан экономи­ка­сын айқын дамытып жатыр, жер ре­сурстарын көп пайдаланған­дық­тан, ауаға зиянды жылыжайлық газ­дар көп бөлінуде. Бұл тұрғыдан ауа­ға бөлінетін қалдықтардың эко­ло­гияға әсерінің қаншалықты зиян­ды екенін зерделей келе, табиғатты қор­ғау мәселесіне бетбұрдым. Эко­ло­гия дегеніміз – ең алдымен орга­н­и­калық тамақ, одан кейін саламат­ты өмір салты, ауа-райының өзгерісі (жер, су тасқындары), өсімдік пен жа­нуар­лар әлемі, сондай-ақ жалпы, ауа, су мен жер мәселесі. Бүгінде дү­ниедегі климаттың өзгеруі қатты бай­қалады. Ғалымдардың есебінше, ауа температурасы жарты градусқа жы­лыныпты. Соған байланысты, Мұз­ды мұхиттағы мұздықтар еріп жа­тыр. Бұл түптеп келгенде неге әкеп соғуы мүмкін? Бұл әлем бойын­ша ауызсу тапшылығына әкеп соға­ды. Әлемдік ақпарат бойынша, 20 жыл­дан кейін дүниежүзіндегі ауыз­судың тек 60 пайызы халыққа жетеді. Бұл үлкен проблема. Оның ішінде, Қазақстан территориясы құрылықта орналасқандықтан, су тапшылығы күр­делі мәселеге айналуы мүмкін. Өкі­нішке қарай, қазір біз ауызсумен кө­лікті де жуамыз, үйдегі тіршілікке де пайдаланамыз. Біз бүгінгі күні­міз­ді көп ойлап, ертеңгі болашақ ұрпа­ғы­мызға, балаларымызға не қалды­ра­тынымызды зерделей бермейміз.
Әрине, елімізде экологиялық қоз­ғалыстар мен бірлестіктер бар. Әр­кім өз проблемасын алға тартып, мүм­кіндігінше жұмыс істеп жатыр. Бі­рақ өкінішке қарай, олардың дауы­сын ешкім естімейді. Себебі, олар бірігіп жұмыс істеп жатқан жоқ. Содан болар, олардың сөзіне билік о­ргандары, кәсіпкерлер мен кәсіп­орын мүшелері құлақ аспайды. Эко­ло­гиялық мәселелермен айналыса­тын ұйымдардың альянсын құру мә­селесі де осыдан туындап отыр.
– Президент елімізде баламалы энер­гия көздерін пайдалануды кеңінен жол­ға қоюды мақсат етіп қойды. Жал­пы, экологиялық бағыттағы мем­лекеттік бағдарламалармен сіздің мақ­саттарыңыз үндес пе?
– Әрине. Бүгінде елімізде қа­был­­­данған 5 институционалды ре­форма мен «100 нақты қадамда» «Қо­ғамдық ұйым­дардың белсен­ді­лігін арттыру» қа­жеттігі баса ай­тыл­ған. Осыған бай­ланысты қоғамдық ұйым­дардың бел­сенділігі күшеюі керек. 2013 жы­лы мамыр айында Ел­басының қол қоюымен жасыл эко­номикаға көшу концепциясы қа­былданды. «Нұрлы жол» бағдар­ла­­­масында экономикада энер­гияү­немдеуіш, ресурсүнемдеуіш құ­рыл­ғыларды пайдалану қажет­ті­гіне ерек­ше маңыз берілген. Біз бұл бас­­­­та­ма­ларды толықтай қолдаймыз.
Қазіргі таңда дүниежүзі елдері эко­логиялық мәселелерді басым проблемалардың қатарына қойып отыр. Сондықтан әлем елдері бірін­ші кезекте – экология, одан кейін – экономика деген сөзді ұран етуде. Бұл жаңа көзқарас, жаңа формат, жаңаша ойлау тәсілі. Кезінде жүзеге ас­қан индустриялық даму мен ши­кі­зат көздерін пайдалану «қоңыр эко­номика» болып артта қалды. Қа­зір «қоңыр экономикадан» жасыл экономикаға өту бастамасын дамы­ған және дамушы елдердің басым бөлігі алға мақсат етіп отыр. Париж ке­лісімдеріне сәйкес, 2020 жылға дейін әлем елдері климаттың өзге­руі­не байланысты жылыжайлық газ­дарды, лас ауа қалдықтарын азай­туы қажет. Бұған Қазақстан да бір­ден қол қойды. Бұл тұста біз Елба­сы­ның бағдарламаларын пайдалана оты­рып, зиянды ауа қалдықтарының кө­лемін азайта аламыз. Әрине, мем­лекет тарапынан арнайы бағдар­ла­ма­лар қабылданып, бастамалар кө­те­ріліп жатыр. Бірақ қоғам тара­пы­нан қолдаудың қажеттігі сезіледі. Мем­лекет, бизнес пен қоғам болып бұл мәселені қолдасақ, оның нәти­жесі де көп күттірмейді.
Өкінішке қарай, бүгінде басқа қа­ла­лардан гөрі Алматы қаласының ауасы қатты ластанған. Атмос­фе­ра­лық ластану қайдан келіп жатыр? Ең ал­дымен бұған автокөліктердің көп­тігі себеп. Қалада жүздеген мың кө­лік бар, қыстыгүні адамдар жылы­ну үшін көлікті бостан-босқа отал­ды­рып қояды. Ал бұл ауаға көмір­қыш­қыл газын бөліп, ластап жатыр. Біз халыққа бұл мәселенің өзекті­лі­гін көрсетіп, бензиннен газға көшу қа­жеттігін түсіндіруіміз керек. Екін­ші­ден, көліктердің орнына қоғамдық автобустарды пайдалану қажеттігін тү­сіндіре алсақ жөн. Түптеп келген­де, Алматы қаласындағы ауа лас­тануы­­ның 60-65 пайызы – авто­көлік­тің көптігінен боп тұр. Екінші мәселе – Жылу электрстансала­ры­ның көптігі. Олардың санын азайту қа­жет. Бүгінгі күні ЖЭС-тің жұмы­сын оптимизациядан өткізу қажет. Өйт­кені соңғы кезде тұрғызылып жат­қан үйлер мен ғимараттар энер­гияүнемдеуіш құрылыс заттарының арқасында көп энергия шығында­май­ды. Сондықтан ЖЭС-тен өн­ді­рі­летін энергияның 40 пайызға дейін­гі көлемі ауаға кетіп жатыр. Яғ­ни, біз көмір жағуды азайту керек­піз. Үшіншіден, Алматы қаласында 31 мың үй әлі де газға қосылмапты. Естуі­мізше, қаладағы барлық үйге газ келіп тұр. Магистральдар тар­тыл­ған, бірақ үйдің алдына келіп тұр­ған құбырдан үйге дейін газ тарту – 400 000 теңге екен?! Қарапайым халық сон­шама ақшаны қайдан тауып бе­ре­ді? Сондықтан біз әкімдіктер мен газ компанияларына ұсыныс жасап отыр­мыз, оған сәйкес тұрғын үйлер­ге табиғи газды өткізіп, бірақ қаржы­сын өтеудің мерзімін ұзартып, тіпті бө­ліп төлеуге мүмкіндік берсе дей­міз. Сөйтіп, 31 мың үйге газ қосылса, ауаға тарайтын көмір қалдықтары азаяды. Өйткені есеп бойынша, қа­ла­дағы ауаның ластануының 4 пайыз­дық мөлшері осы көмір жағу­дың кесірінен бөлінеді екен. Осын­дай қарапайым мәселелерді шешкен кез­де ғана ауаның ластануы тоқтай­ды. Қазір Алматыда дүниеге келетін әр­бір екінші балаға бас сүйек қысы­мы диагнозын қояды екен. Жалпы, от­тегі жетпеген соң, балада сондай проб­леманың пайда болатынын ма­мандар да растайды. Сондықтан қа­ладағы ауаны тазалау – басым мақ­саттардың бірі. Бұл бағытта «Бай­тақ болашақ» альянсы нақты жұ­м­ыстар атқарады.
Біз тек экологиялық ұйым ғана емес­піз, біз бизнес жүргізуді де, әкім­діктермен жұмыс істеуді де бі­ле­міз. Бұл мақсатта жан-жақты білі­мімізді пайдаланамыз. Ең бастысы, бізде әлемдегі ең мықты оқу орын­дары – Стэнфорд, Гарвард, Колум­бия университтерімен байланыс бар. Біз ғалымдармен бірлесе отырып, Қа­зақстанға жаңа тренд, жаңа көз­қарастарды әкелу керекпіз. Біз сөз­бен емес, нақты іспен айналысамыз. Себебі, еліміздің экологиялық ахуа­лына жанымыз ашиды.
– Қазақстанда жасыл энергетика­ны дамыту тақырыбымен үндес өтетін EXPO – 2017 көрмесі қаншалықты қа­зақстандықтардың экологияға де­ген көзқарасын өзгерте алады? Бұл көр­ме жалпы әлемдік экологиялық қоз­ғалысқа да жаңа леп әкеле ала ма?
– Ең алдымен EXPO – 2017 көр­месін өткізуге қол жеткізгеніміз – Қа­зақстанның үлкен табысы мен же­тістігі. Бұл көрменің тақырыбы бала­малы қуат көздерін табумен үнде­седі. EXPO – 2017 көрмесіне әлем­нің түкпір-түкпірінен туристер ке­ліп, жергілікті халықпен таны­са­ды. Онда дүниежүзінде жасыл энер­гияға байланысты қандай баламалы қуат көздері барын жергілікті халық өз көзімен көреді. Мәселен, ауылда тұра­тын азаматтар күн көзінің энер­гиясын пайдалана алады. Бұл тұста көрмеде Еуропа елдері, Қытай, Ре­сей, т.б. мемлекеттердің баламалы энер­гетиканы өндірудегі жетістіктері на­зарға ұсынылады.
– Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан
Кәмшат ТАСБОЛАТ

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз