Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
6
USD
445
+0.77
EUR
478
+2.56
RUB
4.85
+0.02

Жастар егде жастағы қарттарға жұқтырады – дәрігер дельта штамм және вакцинация туралы

377
коронавирус

Мәскеуде өткен тәулікте COVID-19 жұқтырған 88 науқас көз жұмды, деп хабарлайды федералды жедел штаб. Бұл пандемия кезінде коронавирустан қайтыс болғандардың ең көп көрсеткіші. Сонымен қатар, “үнділік” деп аталатын жаңа дельта штамм Нұр-Сұлтанда анықталды. Онда ауру жұқтыру жылдам өсуде.

Осыған байланысты Қазақстан Премьер-министрі Асқар Мамин елордадағы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды күшейтуді тапсырды. Оның айтуынша, коронавируспен күресу шаралары жеткіліксіз және вакцинация қарқыны тым төмен.

Оңай жұғады, бірақ күресу қиын

Надежда Петухова, ҚР Денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің төрайымы, егер Қазақстанда вакцинация қарқыны өспесе және халық эпидемияға қарсы режимді тиісті дәрежеде сақтамаса, күзде елде тағы да жұқтырғандардың саны шарықтауы мүмкін деп санайды.

– Коронавирустың “үнділік” штаммы анықталды. Өздеріңіз білетіндей, адамдардың қозғалысы кезінде бұл вирус тез таралады. Сонымен қатар, ол алдыңғыға қарағанда 2,5 есе жұқпалы.

Ол ауыр өтеді және асқынулары көбірек. Бірақ өлім деңгейі алдыңғымен бірдей деңгейде.

Қауіпті сезіну және түсіну

— Біздің елімізде вакцинация қарқыны неге төмен?

— Ең алдымен азаматтардың өздерінде түйсік болуы тиіс. Егер сен коронавирус жұқтырған болсаң, сен жақындарың мен туыстарыңыз үшін қауіпті екеніңді түсіну. Әдетте бүкіл отбасы ауырады. Вакцинацияны арттыру керек. Коронавирусты емдейтін препараттар әлі табылған жоқ, сондықтан вакцина алу — қорғанудың жалғыз жолы. Мұны бәрі түсінуі керек.

Қазір вакцина жеткілікті мөлшерде бар және оларды таңдап салдыруға болады

Германияда менің таныстарым бар, олар вакцина алуға кезегін күтуде, жоспар бойынша қыркүйек — қазан айларында. Кейбір немістер тіпті Мәскеуге вакцинация алу үшін тур сатып алған. Біздің мемлекет вакцинаны тегін алуға мүмкіндік береді.

Ол үшін емханалармен қатар көптеген сауда орталықтарында да вакцина салу пункттері ашылды. Бірақ біздің азаматтарымызда теріс пікір бар: “егер мемлекет тегін нәрсе берсе, бұл жақсы нәрсе емес” деген. Егер бұл тапшы және ақшаға сатып алатын болса, адамдар көпшілігі оны алу жолдарын іздей бастайды.

Надежда Петухова

Жастар вакцинациядан өту керек деген үлгі көрсетуі керек. Әдетте, оларда ешқандай сырқаты жоқ, бірақ олар вирус жұқтыру көзі болуы мүмкін. Сондықтан

егер жастар уақытында вакцина алса, аға буын азырақ ауырады

Жұқтыру көздері де аз болады. Бүгін жастар театрға, мейрамханаларға барғысы, әңгімелескісі келеді. Егер олар сақтанбаса, вирус тасымалдаушы бола алады. Көп жағдайда осылай болады: жастар қарттарға жұқтырады.

Одан кейін не болады?

— Бүгінде Қазақстанда төрт вакцина егіледі: “Спутник V” (Ресей), QAZVAC (Қазақстан), Hayat-Vax (Қытай) және CoronaVac (Қытай). Олардың әрқайсысының тиімділігін қалай бағалайсыз?

– Бұл жерде таңдау керек. Коронавирусқа қарсы ешқандай вакцина сіздің ауырмайтындығыңызға 100% кепілдік бермейді. Мысалы, полиомиелитке қарсы вакцинаға қарағанда. Сондықтан инфекция жұқтыру жағдайлары COVID-19-ға қарсы вакцинацияланған адамдарда да кездеседі. Бірақ, ондайда, өлім саны аз болады.

– Қазір болашақта қайтадан екпе жасату керек, өйткені вакцинаның әсері шектеулі, вирустың жаңа штамдары пайда болады деп жатыр. Вирусологтар қайта екпе жасату, мысалы, “Спутник V”, болмайды деп мәлімдеген еді…

– Бүгінгі таңда белгілі ғылыми зерттеулер деңгейінде “Спутник V” вакцинасы алдыңғы штаммдарға да, кейінгі штаммдарға да, соның ішінде “Үнділік” түріне де тиімді әсер етеді деп саналады. Ия, вирус таныс емес, көп нәрсе оның дамуы барысында ашылады. Біз оның мутацияға ұшырағанын көріп тұрмыз және ертең қандай штаммдар пайда болатынын айта алмаймыз. Вакциналар мен препараттарды әзірлеу үшін бірнеше жыл қажет.

Эбола вакцинасы бойынша зерттеулер жасалғаны жақсы болды. Осы платформада ғылыми институттар ұзақ уақыт жұмыс істеді, соның ішінде біздің қазақстандық вакцина жасаушылар да бар

Менің ойымша: вакцина алу қазіргі кезеңде маңызды және әзірге бұл жалғыз жолы. Бірақ болашақта вирусқа тікелей әсер ететін препаратты шығару керек. Өткен ғасырда адамдар іріңді-септикалық аурулардан өлімге душар болған. Бірақ “антибиотиктер дәуірінің” басталуымен біз көптеген жаман ауруларды жеңдік.

Менің ойымша, ерте ме, кеш пе коронавирустың да емін табады

“Үнді” штаммының ерекшеліктері

– Коронавирустың бұрынғы штамдары иіс пен дәмнің жоғалуымен сипатталды. Егер адам коронавирустың жаңа штаммын жұқтырса, аурудың белгілері ұқсай ма?

— Жаңа “үнді” штаммының белгілері біршама басқаша: жөтел, мұрынның бітелуі, белгілері тұмау белгілеріне ұқсас. Іші ауырады. Иіс сезу көбінесе жоғалмайды. Соңғы штамм инсульт пен инфарктқа әкелуімен қауіпті және халықтың барлық дерлік топтарына зардабын тигізеді. Балаларда оның жеңіл түрде өтетіні қуантады — оларда негізінен қатар жүретін сырқаттар жоқ және дереу сауығып кетеді.

Егер біз бәріміз салауатты өмір салтын ұстанатын болсақ, әрине, қазіргідей шығындарды болдырмауға болар еді.

– Үшінші толқынды қашан күтеміз? Ол Қазақстанда күзден ерте басталуы мүмкін бе?

– Болжамдар – жақсылыққа апармайтын іс. Бірақ мен оптимистік көзқарастамын. Егер халықтың көпшілік бөлігі, әсіресе жастар вакцина алса және адамдар барлық қорғаныс шараларын сақтаса, бірінші толқындағы сияқты, біз жаңа толқынның алдын алуымыз мүмкін.

Локдаун алдында иммунитетті көтеру

— Бірақ қазір, біріншіден, вакцинация қарқыны өте төмен, екіншіден, адамдардың жаппай жиналуы барлық жерде дерлік байқалады. Өткен жылғыдай шілде айында жұқтырғандардың саны өсіп кетпей ме?

– Қазір көпшілігі бетпердесіз жүреді және қолдарын залалсыздандырмайды. Сондай-ақ, жазда иммунитетті күшейтумен айналысу керек деп санаймын – таза ауада күніне кемінде 4 сағат жүру, D дәрумені деңгейін бақылау және дәруменмен байытылған тағамды тұтыну. Егер мұның бәрі жасалмаса, ағзаға инфекциямен күресу қиын болады. Есте сақтау керек, қыркүйек-қазан айларында маусымдық аурулардың, соның ішінде тұмаудың өсуі күтіледі.

Мүмкін болатын жоғары көрсеткішке келетін болсақ, әрқашан ең нашар болжамға сүйену керек деп ойлаймын. Ескертілді — демек сақтанады

Ал көптеген адамдар бәрі ұмытып, қайтадан 100-200 адамға той жасап, бір-бірінің бетінен сүйіп амандасуда. Дәл қазір бұл туралы уақытша ұмыту керек.

Адамдар мен Үкіметтің рөлі

Гигиеналық шараларды сақтау өте маңызды. Мәскеуде жаңа індеттің пайда болуына карантин шараларының әлсіреуінен жұқтыру факторы жоғары болғаны әсер етті. Үндістанда да инфекциялардың көп таралуы халықтың тығыздығы жоғары болуына және санитарлық нормаларды сақтау мүмкіндігінің болмауына байланысты.

– Қазақстандықтар локдаунға дайындалу керек пе?

— Менің ойымша, толық локдаун болмайды, өйткені еліміздің экономикасы онсыз да үлкен шығынға ұшырады, азаматтарымыздың материалдық жағдайы нашарлады. Бірақ халықты сақтандыру үшін шектеу шаралары бәрібір де енгізілуі керек.

Пандемиямен күресуге ASHYQ қосымшасы көмектеседі, егер адам ауырса, қызыл түс жанады. Өкінішке орай, біздің азаматтарымыздың түсінігі аз. Қолында оң нәтижелі ПТР тесті бар көптеген адамдар қоғаммен алаңсыз араласып, басқаларға жұқтырады. Бұл қосымша кем дегенде вирус тасымалдаушыларын анықтауға мүмкіндік береді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз