Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
13
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Жастар арасындағы әлем чемпионатының финалына үш қазақстандық боксшы өтті

145

Екі қазақстандық боксшы да ақтық сынға өтті: Толтаев австралиялық Сэм Гудмэнді жеңді, ал Нұрмағанбет германиялық Везир Агирманнан басым түсті. Сонымен бірге, кешкі сессияда да екі қазақстандық спортшы – Садриддин Ахмедов (жартылай орта салмақ, 69 келі) пен Бекзат Нұрдәулетов (жартылай ауыр салмақ, 81 келі) бақ сынады. Ахмедов британдық Мохаммед Харрис Акбарды жеңіп, финалға шықты.

Өкінішке қарай, Нұрдәулетов украиндық Роман Савицкийден жеңіліп, турнирден шет қалды. Ақтық сында Толтаев америкалық Марко Кастромен кездеседі, Нұрмағанбет – шотландиялық Уильям Хатчинсонмен, Ахмедов украиналық Павел Гуламен айқасқа түседі. Финалдық жекпе-жектер бүгін, 26 қарашада Астана уақытымен 17:00-де басталады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз