Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Жасайды ғой…”. Картоп бағасының неге күрт қымбаттап кеткенінің себебі белгілі болды

134

Қостанайдың бағбандары болса өнімдерін Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан сияқты көрші елдерге жөнелтуде деп хабарлады “Хабар-24” телеарнасы.

Көлемі 10 мың тонна болаты көкөніс сақтау қоймасының иесін тұрғындардың биылғы сатып алу белсенділігі таңғалдырып отыр.

Владимир Семейкин, бақша шаруашылығының басшысы:

– Жыл сайын қыркүйек-қарашада жоспарлы түрде бір жарым, екі мың тонна картоп сататынбыз. Қазір бұл көлем таусылуға таяу, тұрғындар «пышақ үстінен бөліп әкетіп жатыр» десек те болады. Шаруашылық иесі базардағы бағаға сай, картоптың келісін 100 теңгеден өткізді. «Менің міндетім – өнімді түгел сату емес, іркіп ұстап, келер көктемге дейін көкөністі сарқып алмау», – дейді ол.

Ал облыс орталығындағы көтерме сауда орындарында картоп ең өтімді тауарға айналған. Сұранысты көрген ресейліктер де қап-қап көкөніс тиеген камаздарын қаптатуда.

Ғалия Темірбекова, сатушы:

– Бір апта бұрын 90-85 теңге еді, қазір ресейліктер келгелі баға түсті, халық жақсы алып жатыр ғой. Қазір көтерме бағамен 80-90 теңгеге таңдағаныңды ала аласың. Ішінара 75 теңгеден сатып жатқандар да бар.

Бір қызығы, көрші елдің картобы Қостанайдың нарығына бәсекелестік тудырса, жергілікті өнімдер экспортқа жол тартқан.

Дархан Әбдікәрімов, облыстық АШБ басшысы:

– Дәл картопты айтатын болсақ, Ресейге 475 тонна тасымалданған. Біздің облыстан Өзбекстанға – 1798 тонна, Түрікменстанға 285 тонна тасымалданған екен.

“Сыртқы сұраныстың артуы көрші елдерде ауа-райының қолайсыздығынан картоптың аз жиналуына байланысты”, – дейді мамандар.

Қостанайда да өнімділік жылдағыдан төмен. Сонда да алаңдауға еш негіз жоқ. Облыстың қажеттілігі 69 мың тонна болса, аймақта 170 мың тонна өнім жиналған. Оның сыртында тұрақтандыру қорына қаржы бөлініп, аудандарда он екі мың тонна азық қорын жасақтау жайлы келісімшартқа қол қойылды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз