Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
11
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Жас жұбайлар үйлену тойынан бас тартып, мұқтаж жандарға көмек көрсетті

188

Шаңырақ көтерген екі жастың некесін қиған мешіттің найб имамы Бақтияр Саламатов мұндай игі іске дән ризашылығын білдірді.

“Жастарға отбасының құндылығын түсіндіру, ынтымағын арттыру мақсатында биылғы жылды бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазірет елімізде “Ислам жəне отбасы жылы” деп жариялаған еді. Бүгінгі отау құрған екі жастың игі ісі де сол мүдденің үдесінен шығады. Олар мешітте некесін қидырып, мұқтаж адамдарға жәрдемін беріп, сауапқа кенелуде.

Бұл басқаларға да үлгі боларлықтай. Өйткені, қазіргі таңда жастар үйлену тойының серуені үшін қымбат көліктер жалдап, қаржысын текке шашып жатыр. Әлбетте, қалай көңіл көтерем десе де әркімнің өз еркінде. Дегенмен, кортежге шығынданғаннан гөрі осылай қайырымдылыққа жұмсаса орынды болар еді.

Мұқтаж жандар оларға шын жүректен алғыс айтса, ондай отбасының көгеріп-көктемеуі, бірлігінің бекем болмауы мүмкін емес», – дейді найб имам.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз