Нұр-Сұлтан
Қазір
29
Ертең
9
USD
510
-1.07
EUR
571
-1.20
RUB
6.3
-0.04

Жас отбасы екі жыл ақша жинаса, пәтер сатып ала алады – сарапшы

123

Мұндай пікірді Ranking.kz сарапшылары айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Сарапшылар жүргізген зерттеуге сүйенсек, ірі қалалардың тұрғындары Тұрғын үй құрылысын кепілдендіру қорының бағдарламалары бойынша тез уақыт ішінде ақша жинай алады екен.

Мысалы, Оралда жас отбасылар – 16 айда, Атырау, Ақтау, Павлодар, Қызылорда және Тараздағылар 17 айда алғашқы жарнаны жинай алады. Ал ақша жинауға біраз уақыт кететін қалалардың тізімінде Шымкент – 40 ай, Алматы және Өскемен (26 ай) тұр.

“Салынып жатқан үйлердегі пәтерлердің бағасы пайдалануға берілген пәтерлердің бағасынан 20 процентке арзан. Салынып жатқан үйдегі пәтердің шаршы метрі 212,3 мың теңге, бір бөлмелі пәтерді онда 7,5 миллион теңгеге алуға болады”, – делінген сарапшылардың зерттеуінде.

Серіктестер жаңалықтары
загрузка...
© «365 Info», 2014–2025 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз