Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
-3
USD
450
+0.72
EUR
490
+1.14
RUB
4.89
+0.01

Жарты жыл тұмша: жылыту маусымы Алматыдағы экологияға қалай әсер етеді? — сарапшы

926

Алматыда күздің ортасы жылыту маусымының басталуымен ерекшеленеді. Осылайша, көп ұзамай қала тұрғындары үйлерінің терезелерінен әдеттегі картина — тұманды көреді.

Ауа сапасының елеулі нашарлауы ЖЭО жұмысы басталғанға дейін, жеке сектор көмір жағып бастағанда байқалады. Бұл туралы эко-белсенді Павел Александров әңгімеледі. Ол 2017 жылдан бері ауа сапасын бағалаумен айналысады. Бүгінгі таңда Алматыда 20-дан астам тиісті құрылғылар орнатылған — осылайша ластану деңгейі туралы мәліметтер жинақталады.

Қаланың ерекшеліктері

Оның айтуынша, соңғы аптада мегаполистегі ауа сапасы жылы ауа-райының арқасында қолайлы болды. Алайда, екі аптадан кейін айтарлықтай нашарлай бастайды. Салқындай бастаған соң ауа ластана бастайды.

— Кім кінәлі: ЖЭО немесе жеке сектор?

— Ауаның ластануы — бұл көптеген қатысушысы бар процесс. Олардың барлығы белгілі бір дәрежеде өз үлестерін қосады. ЖЭО, жеке сектор, көлік және қоқыс жағу әсер етеді.

Қала үлкен, күрделі, сонымен қатар оның таулы алқапта орналасуы тағы бар. Тиісінше, атмосфераның жылу инверсиясы орын алады, ол ластанудың сейілуіне кедергі келтіреді

Біреуі ғана кінәлі деп атауға болмайды, бұл популизм. Бірақ, әрине, ЖЭО — ластанудың басты үлкен көзі. Бұл қаладағы ең үлкен құбыр, екінші ондай жоқ. Дәл сол жерде көмірдің көп бөлігі жағылады, сондықтан шығарындылар айтарлықтай.

Газдандыру қажеттілігі

— ЖЭО газдандырылуы тиіс. Жеке сектордағы үйлерде құбырлар кішкентай болғанымен, көп. Сонымен қатар, сүзгілер жоқ, бұл да маңызды. Сондай-ақ қазір адамдар өз учаскелерінде қоқыс өртеп жатыр.

Бұл шығарындылар есепке алынады. Билік жеке сектордың 99% газдандырылғанын айтады, бірақ бұл өтірік. Жалпы, қаланың ластануының негізін стационарлық көздер құрайды деп айта аламыз.

— Автокөлік шығарындылары соншалықты маңызды емес пе?

— Автомобильдер де айтарлықтай үлес қосады, олардың шығарындылары улы. Бірақ олардан келетін зиян стационарлық көздерден — ЖЭО, жеке сектор және өнеркәсіптік объектілерден әлдеқайда аз. Мәселе мынада, “ластаушы заттардың” әрқайсысының үлесі туралы сенімді зерттеулер жоқ.

— Алматыда ауа сапасы жылдан жылға қаншалықты жылдам қарқынмен нашарлайды?

— Мен айқын нашарлау болып жатыр деп айтпас едім — біз тұрақты теріс көріністі көріп отырмыз. Түсіндіре кетейін:

қыс жақындауымен алты ай бойы зиянды заттардың әсеріне ұшыраймыз, олардың концентрациясы шекті рұқсат етілген нормалардан 10 есе асады

Біз қазірдің өзінде ең түбінде тұрмыз — жылыту маусымында апатты саналатын ластану деңгейін бастан кешудеміз. Бұл асыра сілтеу емес. Қала тұрғындарының денсаулығы үшін бұл із қалдырмай қоймайды — мұның бәрі бізге өте қауіпті.

Іс жылжымайды

— Мемлекет бұл туралы біледі және біле тұра, көз алдымызда болып жатқан экологиялық апатқа ден қоймауды жөн көре ме?

— Бұлай бір жақты айта салуға болмайды. Шенеуніктер газдандыру мәселелері пысықталып жатқанын айтады. Бірақ әзірге нәтижелер көрінбейді. Мемлекет монолитті емес. Әкімдіктер, гидрометорталықтар, Үкімет пен министрліктер бар. Әрқайсы әр жаққа тартады — аққу, шортан, һәм шаян сияқты.

Жергілікті жерлердегі жұмысқа әкімдік жауапты. Бірақ олардың пікірінше бәріне автокөлік кінәлі. Осылайша, жауапкершілікті өзінен азаматтарға жүктеуге тырысады. Егер біз кінәлі болсақ, олар өздерінен жауапкершілікті босатады. Газдандыру мен автомобильдер бойынша олар біртүрлі статистиканы көрсетеді. Ешқандай кешенді жұмыс жүргізілмейді. Әкімдік қала ішінде қатты отын жағуға тыйым сала алады.

Қолайсыз географиялық орналасуына байланысты Алматы ерекше мәртебеге ие. Жеке меншік секторды газдандыруды ынталандырудың өзі ауа сапасына әсер етер еді. Сондай-ақ, әкімдікте ЖЭО-мен мәселені шешуге болады, бірақ ештеңе істеліп жатқан жоқ. Тиісінше, біз ешқандай нәтиже көріп жатқан жоқпыз.

Карантин және құрылыс

— Карантин кезінде автокөлік жүрмеген кезде ауа сапасының өзгеруі болды ма?

— 2020 жылдың сәуірінде толық оқшаулау кезінде PM 2.5 бөлшектердің концентрациясы тек 20%-ға төмендеді. Яғни, біз әлі де ластанудың қолайсыз жоғары деңгейін байқадық

Автокөліктер жыл бойы жүреді және фондық шоғырлануды түзеді. Мысалы, жазда да бізде таза ауа жоқ — автокөліктердің кесірінен ластану шекті рұқсат етілген концентрация деңгейінде. Бұл да жақсы емес.

— Тығыздалған құрылыс ауа сапасына қалай әсер етеді? Кейбір тұрғындар шаңды дауылдар соның салдарынан дейді…

— Шаңды дауылдар онымен байланысты емес. Мәселе мынада, біз орналасқан географиялық аймақтың сыйымдылығы оған орналастырылған адамдардың саны бойынша шектеулі.

Біздің локацияда көп миллиондық қала салуға болмайды. Себебі атмосфераның таулы жерлерде желдету мүмкіндігі шектеулі

Сондықтан, адамдар неғұрлым көп болса, ауада ластаушы заттар соғұрлым көп болады. Алматыда құрылыс салу және халық тығыздығының артуы — бұл жалпы жағымсыз құбылыс. Әсіресе, мұның бәрі тау бөктерінде — атмосфераның желдетілуі ең нашар жерде шоғырланған болса.

Сонымен қатар, салынған үйлерді жылыту қажет — сәйкесінше ЖЭО қуаттылығы артады. Жаңа тұрғындардың өз көліктері бар, олар да ластайды.

Жалпы

құрылыс ауаның жоғары ластануына әкелетін көптеген оқиғалар тізбегін бастайды. Қарқынды құрылыс — бұл қаланы өлтіру

Бұл салынып жатқан көп қабатты үйлер таулы алқаптан соғатын самал желді бұзатындығын ескермеген күннің өзінде. 5-10 жылдан кейін біз шешу мүмкін болмайтын проблемаларға тап боламыз.

Автокөлік шығарындылары

— Ал 5-10 жылдан кейін ауа сапасы қаншалықты нашарлауы мүмкін?

— Менің ойымша, дәл болжамдарды есептеу үшін қандай да бір ғылыми институттарды тарту керек. Бірақ, ештеңені өзгертпесек, жағдай күрделене түседі. Себебі бұл рельеф көпшілік адамға арналмаған, өйткені олар жылытудың лас әдістерін, сапасыз отынды және ескі машиналарды пайдаланады.

Айта кету керек,

елімізде автомобильдерден катализаторларды кесетін компаниялар заңды жұмыс істейді

“Катализаторды жою Алматы” деп іздесеңіз ондаған хабарландыру шығады. Катализатор газды тазарту үшін қажет. Ол түсті металдардан тұрады. Оны алып тастағаннан кейін автомобиль өлімге әкелетін машинаға айналады — шығарындылардың уыттылығы ондаған есе артады. Толық заңсыздық және бейінді мемлекеттік қызметкерлердің немқұрайлығы нәтижесінде осындай күйге түстік.

— Алматы жолдарында газ құбырынан қара түтін шығатын автокөліктерді жиі кездестіруге болады. Неліктен оны ешкім бақыламайды?

— Жеңіл автокөліктерде ғана емес, құрылыс техникасы мен автобустарда да дизельдік қозғалтқыштар пайдаланады. Қара шығарындылар — бұл атмосфераға жоғары концентрацияда шығарылатын PM 2,5 бөлшектері. Сонымен қатар, әкімдік ауа сапасына қатысты мәселені біле тұра, дизель автобустарын сатып алды.

Не істеу керек?

— Жылу беру кезеңінде қала тұрғындары өз денсаулығын зиянды шығарындылардан қорғау үшін не істеу керек?

— Мен көшеде бетперде киюді ұсынар едім. Медициналық емес, PM 2,5 бөлшектерін сүзетіндер. Ластанудың ағымдағы шоғырлануын менің сайтымнан немесе Қазгидромет сайтынан көруге болады. Ол жоғары болған кезде, сол күндері сыртта жүгірмеңіз, спортпен шұғылданбаңыз және серуендеуден аулақ болыңыз.

Үйде ауаны сүзу жүйесін пайдалану керек. Кем дегенде тұрмыстық сүзгілер. Бірақ, әрине, фильтрациясы бар жабдықтау және шығару жүйелері жақсы. Себебі бізге таза ауа қажет

Қатты тұмша кезінде пәтерді желдетудің қажеті жоқ — жабық бөлмеде концентрация әлі де үш-бес есе төмен. Ол таза болғанша күткен дұрыс. Жалпы, біз тыныс алатын улы ауадан қорғану оңай емес. Адамдар жұмысқа, балалар балабақшаға, мектепке барады. Олар әлі де осы қоқыспен дем алуға мәжбүр. Алматыдан көшіп қана түбегейлі қорғануға болады.

Адамдар мүмкіндігінше ластануды азайтуға өз үлестерін қосуы керек. Қоқысты өртемеу, көмірмен жылытуды тоқтату және газға ауысу, автомобильді азырақ пайдалану — егер мүмкіндік болса, жаяу немесе қоғамдық көлікпен барған дұрыс. Бұл ластану деңгейін төмендетуге көмектеседі.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз