Бірақ болашақта зейнетақы жинағын «алу әсері» әлсірейді.
Оның ішінде алынған зейнетақы жинақтарының бір бөлігін ЕДБ шоттарына салған
Жалпы, халықтың депозиттері жылдық мәнде шамамен 40%-ға өсті. Бұл бөлшек сауда секторындағы валюталық салымдардың өсуінен алты есе көп.
Теңге салымдары жалпы соманың 2/3 бөлігін құрады. Жалпы алғанда, банк жүйесінің депозиттік қоржыны жылдық мәнде 26,5%-ға өсті. Цифрмен айтқанда, бұл 25,1 трлн теңге.
Бұл қарқынның өсуі көп жағдайда зейнетақы жинақтарын ішінара пайдалану мүмкіндігінің арқасында орын алды.
– БЖЗҚ мәліметтері бойынша, тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін банктердің шоттарына 1,5 трлн теңгеден астам қаржы,
емделуге – 18,4 млрд теңге аударылды, – деп хабарлады Ұлттық банк.
Жалпы, 2021 жылы 6 айы ішінде депозит қоржыны 13,8%-ға өсті, бұл 2020 жылдың ұқсас кезеңінен үш есеге жуық артық.
Ұлттық банк жинақ ақшаны алудың әсері болашақта әлсірейді деп болжаған. Сонымен қатар, демалыс маусымы жалғасуда, бұл өсу қарқынын баяулатады.
– Орталық депозитарийдегі жеке тұлғалардың сауда шоттары санының өсуі (ҚҚБ деректері бойынша, 2021 жылдың 6 айында өсім 40 мыңнан астам шотты құрады)
халықтың өз қаражатын инвестициялаудың қосымша көздеріне деген қызығушылығының артып келе жатқанын көрсетеді
Жекелеген инвесторлардың саны өсіп келе жатқанына қарамастан, олардың үлесі төмен деңгейде қалып отыр (2021 жылдың маусымында Қазақстанның жұмыспен қамтылған халқының 2%), бұл қазіргі кезеңде депозиттік нарыққа айтарлықтай әсер етпейді, – деп есептейді Ұлттық банк.
Зейнетақы ақшасының ағыны депозиттер бойынша мөлшерлемелердің төмендеуіне ықпал етті.
Халықты ең көп қызықтыратын үлесі бар мерзімді теңгелік салымдар бойынша орташа алынған мөлшерлемелер (3 айдан 1 жылға дейін және бір жылдан 5 жылға дейін) төмендеді:
Азаматтарды валюталық несиелер аз қызықтырады. Бұл төмен мөлшерлеменің, сондай-ақ, реттеушінің айтуынша, теңге бағамының тұрақталуына байланысты.
Долларландырудың жалпы деңгейі 2021 жылғы наурыз айынан бастап 37% деңгейінде сақталып тұр. Салыстырайық, 2020 жылдың желтоқсан айында 37,3%, 2020 жылдың маусым айында 40% болған. Егер әңгіме ірі салымдар (50 млн теңгеден астам) туралы болса, мұнда долларландыру деңгейі жалпы салымнан екі есе асып түсті.
Сондай-ақ тұтынушылық несие көлемі арта бастады.
— 2021 жылдың екінші тоқсанында ұлттық валютада корпоративтік секторға берілген несиелер бойынша мөлшерлемелер динамикасы 11,6% деңгейінде тұрақтанды. Жекелеген сектор несиелерінің құны төмендегені байқалды, – деп атап өтті Ұлттық Банкте.
Тұтынушылық несие мөлшерлемесі 2021 жылдың маусым айында 18,3%-ға жетті (2020 жылдың маусым айында – 20,1%).
2021 жылдың екінші тоқсанында берілген жаңа несиелер көлемі 5,3 трлн теңгені құрады. Бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңінен 1,7 есе көп. Бірақ сол жылы іскерлік белсенділік айтарлықтай төмендеді, сәйкесінше несие алғандар аз болды.
Ал жеке тұлғаларға берілетін жаңа несиелер 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,2 есе өсті.
Өсімге негізгі үлесті жаңа тұтынушылық несиелер қосты. Олардың саны жылдық мәнде үш еседен астам артқан.
Ипотекалық несие 3,1 есе өсті. Мұнда да зейнетақы жинақтарының ішінара алынуы рөл атқарды.
Тұрғын үй бағасының өсуі аясында ірі ипотекалық несиеге сұраныс артты.