Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
10
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Жарты әлемді жойып жіберуі мүмкін жанартау белсенділік танытып жатыр

Ауаға үздіксіз түтін мен ыстық бу көтеріліп жатыр. Ғалымдардың айтуынша, осы уақытқа дейін аталған жанартау ояну белгілерін білдірмеген. Ал белсенділік танытуына Айдахода болған жер сілкінісі әсер еткен болуы мүмкін.

Мұнымен қатар, Йеллоустан қорығындағы көптеген өзендер қайнап жатыр. Жер көтеріліп, бизондар өзге аумақтарға көшіп жатыр. Бұл жуық арада жанартау оянып кетуі мүмкін дегенді білдіреді.

Бұдан өзге ғалымдар Калифорнияның сейсмикалық белсенділігіне алаңдаулы. Осы штатта орналасқан Лонг Велли жанартауы мен Йеллоустан жанартауының арасында тығыз байланыс бар екені дәлелденген. Яғни бір жанартаумен болған жағдай екіншісіне тікелей әсер етеді.

Мамандар алаңдауға тұрарлық себептер жетерлік. Аталған жанартау атылған жағдайда адамдардың өміріне үлкен қауіп төнеді. Тек Солтүстік Америка ғана емес, өзге континенттер де жапа шегеді.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз