Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
20
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Жарайсың!”. Нығматулин қазақша баяндама жасаған депутатты шенеуніктерге үлгі етті

Төрағаның бұл сөзіне депутаттар қол соғып, қолдау көрсетті.

“Меніңше, көптеген азаматтарға жақсы үлгі көрсетті. Әсіресе, сол жақта отырғандарға”, — деді Нығматулин.

Ал сол жақта заң жобасы бойынша депутаттардың алдында баяндама жасап, олардың сұрақтарына жауап беретін мемлекеттік органдардың өкілдері отырады. Бүгінгі отырыста архив ісі мәселелері туралы заң жобасы бойынша мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы баяндамасын толық дерлік орыс тілінде жасады. Бұдан бөлек бірқатар министрліктің лауазымды тұлғалары қазақша қойылған сұрақтарға ресми тілде жауап берді.

Наринэ Микаелян қазақша баяндаған заң жобасын депутаттар мақұлдады. Депутаттың айтуынша, аталған заң жобасы Қазақстанның халықаралық шарттары туралы заңына сәйкес әзірленді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз