Нұр-Сұлтан
Қазір
25
Ертең
20
USD
475
+0.11
EUR
516
+0.21
RUB
5.5
-0.08

«Жар-жардың» орнына «Бақара» сүресін тыңдаған

«Әй, дейтін әже, қой, дейтін қожа жоқ». Әйтпесе, қай ата-бабамыз келін түскен кезде «жар-жардың» орнына Құран сүрелерін тыңдайтын еді? Тіпті, Құран оқылды деген күннің өзінде жұмақ аяттары туралы айтылған. Мысалы, Түркияда ислами тойларда бір-екі жұма аяттарын оқиды. Мына жерде кәдімгі той ғой. Төрге шығып отыратын тойдың стилі, әу бастан бұл біздің стиль емес. Тойға Құранды қосып қою дегеніміз жақсы дүние емес. Бұл жерде «келеді әне екі жас, топты жарып жар-жар» деп бабалардан қалған жолдар айтылуы керек еді»,- дейді дінтанушы Мұхитдин Паттеев.

Оның айтуынша, жастардың басым көпшілігі ислам дінін ата-бабасынан үйренбеген. Қазіргі заманғы, бір жағы арабша, парсыша түсініктегі діни ұстанымды ұстанады. Ертең Құранды қойып вальс билесе де таңғалмайтын шығармыз дейді дінтанушы. Жалпы, шариғат бойынша да Пайғамбар (с.ғ.с.) кезінде құран оқып, мұндай қарсы алу болмаған.

«Мына жерде оқылған аяттар өте ауыр. Миғраждан алып келген аяттар. Сондықтан, ол да мүлдем сәйкес келмейді. Пайғамбар (с.ғ.с.) өмірінде үйленіп жатқанда Құран оқылғаны болған. Алайда, той барысында Құран оқылды деген жоқ. Пайғамбардың (с.ғ.с.) өзі той болғанда «сіз бізге, бізден сізге келді» деп дауылпаз тартып, көтеріңкі көңіл күй болуы керек деп айтылғанын «Отбасы» кітабында жазған болатынмын. Демек, Пайғамбар (с.ғ.с.)  да Құран оқу деген талап қоймаған, ән, жыр айту керек делінген. Сондықтан бүгінгі тойларда да ән-жыр айтылуы керек», – дейді Паттеев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз