Жапонияның солтүстігіндегі Хоккайдо аралындағы қатты жер сілкінісінен 16 адам қаза тауып, тағы 26 адам із-түзсіз жоғалған. Бұл жайында елдің премьер-министрі Синдзо Абэ үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды Baq.kz РИА Новости басылымына сілтеме жасап.
Жер сілкінісі 7 балға дейін жеткен Ацума елді мекенінде көптеген көшкін болған, сондықтан құтқару және іздестіру жұмыстары түнімен жалғасты.
Аралда электр қуаты сөндіріліп, 3 миллионға жуық адам жарықсыз қалған. Таңға қарай 964 мың үй электр қуатымен қамтамасыз етілді. Дегенмен электр энергиясын толықтай қалыпқа келтіруге бір аптадай уақыт кетпек.
Сондай-ақ Титосэ жаңа әуежай да жұмыс істеп тұрған жоқ. Жұма күнгіге барлық әуерейсі тоқтатылған.