Жапонияның оңтүстік-батысындағы Кюсю аралында 7.1 балдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы хабарлады.
Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметтері бойынша, 7,1 балдық жер сілкінісі Астана уақытымен 12:42-де болды. Жер асты дүмпулері Миядзакиге жақын маңда, мұхит түбінен 30 километр тереңдікте тіркелді.