Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Жаным, Жансерик…”. Моңғолия құрамасындағы қазақ жігіті хет-трик жасады (видео)

135

Жансерік Маратханұлы хет-трикті Азия біріншілігінің жастар арасындағы (19 жасқа дейінгі) іріктеу кезеңінде Сингапур құрамасына қарсы ойында жасады.

https://kaz.365info.kz/futboldan-khazakhstan-khyramasynyn-ojyny-deputattardyn-ashuyn-keltirdi-284299

Ал ойын жалпы 4:2 есебімен моңғол жастарының жеңісімен аяқталды.

Кездесу барысында Моңғолия құрамасы 0:2 есебімен жеңіліп жатқан. Содан соң Маратханұлы командасына жеңіске жетуге көмектесті. Бірінші таймның соңында ол пенальтиді сәтті орындаса, екінші таймда қарсы шабуылдан, ал үшінші голды ойынның аяқталуына үш минут қалғанда соқты.

Ойын соңында Сингапур құрамасының екі футболшысы қызыл қағаз алса, қосалқы құрамда отырған тағы бір ойыншы алаңнан қуылды. Осылайша

Моңғолия құрамасы сан басымдығын сәтті пайдаланып, қосымша уақытта төртінші голды соқты.

Дегенмен бұл жеңіс Моңғолия жастар құрамасын келесі кезеңге алып шықпады. Өйткені бұған дейін олар Жапония құрамасы (0:7) мен Тайландтан (2:5) жеңіліп қалған еді.

https://kaz.365info.kz/bir-khazakh-zhokh-fifa-18-ojynyna-khazakhstannan-ysh-futbolshy-gana-kiripti-281609

18 жастағы Жансерік Маратханұлы қазіргі уақытта елдің бас шаһары Ұланбатыр қаласында тұрып, жергілікті “Дэрэн” клубында өнер көрсетеді. Өткен жылы ол Моңғолия ұлттық құрамасына да шақырту алып, құрама тарихындағы ең жас ойыншы атанды. Бірақ ұлттық құрама сапында әлі бірде-бір кездесуге қатысқан жоқ.

Видеода үшінші гол соққанда комментатордың: „Жаным, Жансерик„ деп айғайлағанын естуге болады.

https://www.youtube.com/watch?time_continue=420&v=QJ5_lT1GXJA

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз