Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
16
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Жаным-баклажаным”. Тараздық жігіт сүйіктісінен ел алдында кешірім сұрады (фото)

364

Желіде лезде таралып кеткен фото авторын Қазнеттегілер әбден сынның астына алды.

«Жаным-баклажаным, бұны қай жігіт жасаған? », «Ана қыз осынша ақша құртуға тұрады ма?», «Бойжеткенді күллі жұрттың алдына шығарып қойды. Ол соған керек пе?»

«Осындай қылық ер адамдардың арына сын келтіреді. Бұл қыздың жігіттің мойнына мініп алғаны көрініп тұр ғой. Сәл нәрсеге бола ренжіп қалса да артынан жүгіртіп қойған. Мұндай қыздарға жоламау керек», – деп жазды желідегілер.

Сондай-ақ, «Осыншалықты деңгейде кешірім сұрайтындай не істеп қойды екен?» деген сұрақ көбісін мазалады.

Алайда, қыздың алдында кінәсін мойындап, кешірім сұраған жігітті қолдап, оның қылығына сүйсінгендер де табылып жатты. Олардың кейбірі тіпті суреттегі аруға қызғанышпен қарайтындарын да жеткізген.

«Романтика», «Не деген батылдық!», «Қызғанып отырмын, кез келген еркек мұндай қадамға бара бермейді… өйткені, олар тәкаппар», «Дұрыс, егер жақсы көріп тұрсаң көкірек керудің қажеті жоқ», – деп жазды олар.

Аталмыш суреттің астына кешірім сұрауға себепкер болған қыздың өзі де пікір қалдырған. Ол жігітінің бұл әрекетінен кейін оны кешіргенін жазды. Ал, не үшін ренжігенін айтқысы келмеген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз