Нұр-Сұлтан
Қазір
-25
Ертең
-10
USD
511
-4.57
EUR
540
-4.99
RUB
5.15
-0.02

Жантүршігерлік қылмыс: Студент көрші қызды өлтіріп, сосын зорлап, соңынан өзіне қол салды

Студенттің хатында жазылғандай, ол бірге тұрған көрші қызды таңғы сағат 4-ке дейін күтеді. Бойжеткен үйіне оралғанда оны бас салып ұрып-соғады.

«Ол менен кетуімді сұрады. Мен оны қылқындыра бастадым. Бір кезде есінен танды. Жүрек соғысы тоқтамай тұрғанда, онымен жыныстық қатынасқа түстім. Одан кейін де жүрегі соғып тұрды.

Сондықтан пышақпен тамағынан орып жібердім», – деп жазды жігіт парақшасында.

Татьянаның демі әлі де үзілмегендіктен Артем оның қабырғасына пышақ сұғып алады.

«Оның даусын естімес үшін және қанды көрмеу үшін аузына шұлықты тығып қойдым», – деп жазған студент жігіт қылмыстың егжей-тегжейіне дейін баяндап берген.

Артем бұл қылмысына жауапсыз махаббаттың себеп болғанын жазған.

«Оның менімен бірге ішімдік ішкісі келмейтінін, менің досымды жақсы көретіні жаныма батты», – деп жазды Артем.

Артем мен Татяна бір кездері көңіл қосқан. Алайда бойжеткеннің сезімі суып, онымен қош айтысқан.

Артем Татянаны өлтіру жоспаын қаңтар айының басында құрғанын айтты. Ол тіпті 6-7 сынып оқып жүргенде де өзімен компьютер ойнауға келетін дос баласын өлтіру туралы ойлағанын жасырмады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз