Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
10
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Жансая Әбдімәлік тұңғыш рет ӘЧ жартылай финалына шықты

144

Бұл туралы Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Бұған дейін Қазақстанның шахмат тарихында спортшылардың төртінші раундқа дейін жеткен жетістігі болған емес. Алғаш рет мұндай дәрежеге Жансая Әбдімәлік жетті.

«Ересектер арасында қатысып жатқан алғашқы чемпионатым. Маған оңай болмайтынын түсіндім.

Себебі қарсыластарым – тәжірибелі, титулы көп спортшылар. Бұған дейін жасөспірімдер мен 20 жасқа дейінгілердің арасында әлем чемпионатында жеңгенмін», – деп бөлісті Жансая.

Ханты-Мансийскідегі «Угра» шахмат академиясына әлемнің 29 елінен 64 үздік спортшы Әлем чемпионы атануға жиналды.

Жарыс нокаут-турнир жүйесі бойынша өтіп жатыр. Яғни, ойыншы бір рет жеңілсе, жарыстан шығып қалады. Әр раунд сайын қатысушылардың саны екі есе азая береді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз