Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
-3
USD
450
+0.72
EUR
490
+1.14
RUB
4.89
+0.01

Жанкүйерлер мен спортшылар Қазақстан олимпиадашыларының жаңа нышанын таңдайды

265

Графикалық кескін-логотипін және “TeamKZ” қаріптік жазуын дайындауға арналған конкурсқа қатысуға барлық тілек білдірушілер шақырылады. Байқауға жұмыстарды қабылдау 21 сәуірден басталып, 2 мамырға дейін жалғасады. Байқаудың жүлде қоры 1 миллион теңгені құрайды.

Жеңімпазды анықтау үш кезеңнен тұрады. Байқау жұмыстарының алғашқы іріктеуін ҰОК комиссиясы өткізеді, оның құрамына Олимпиадалық комитеттің қызметкерлері, спортшылар, жаттықтырушылар өкілдері мен дизайнер кіреді. Екінші кезеңде 4-5 мамырда Olympic.kz сайтында дауыс беру арқылы жүргізіледі.  Онда жанкүйерлер үздік жұмыстардың қысқа тізімін анықтауға көмектеседі. Үшінші кезеңде 6-8 мамыр аралығында іріктелген байқау жұмыстары Қазақстанның ұлттық командаларының спортшыларына және олимпиадалық спорт түрлері бойынша ұлттық федерацияларға жіберілетін болады. Әр команда мен федерациядан бір дауыс есептеледі. Көп дауыс жинаған жұмыс байқау жеңімпазы атанады.

Қазақстан ҰОК атап өткендей, Қазақстан Олимпиадашыларының символын таңдауға мұндай көп адамның жұмылдырылуы кездейсоқтық емес. Өйткені «Team KZ» әрдайым бірлігі жарасқан бір команда ретінде таныстырылады.

Спортшылар, жаттықтырушылар, олимпиадалық спорт түрлері бойынша ұлттық федерациялар мен жанкүйерлер бір командаға кіреді. Тағы бір мақсат – жасампаз жастарды, дизайнерлер мен суретшілерді қолдау.

Жазғы Олимпиада ойындары биыл, ал қысқы Олимпиада ойындары келесі жылдың басында өтетіндігін ескерсек, жарыстың маңызы арта түседі. Сондықтан, Ұлттық Олимпиадалық комитеті барлық шығармашылық адамдарды, сондай-ақ Қазақстанның олимпиадалық командасының жанкүйерлерін белсенді қатысуға және ел олимпиадасының символын жасауға үлес қосуға шақырады.

Нәтижелер 11 мамырда www.olympic.kz сайтында жарияланады. Бірінші орын алған байқау жұмысы үшін автор 700 мың теңге алады. Сондай-ақ 150 мың теңгенің екі ынталандыру сыйлығы бар. Қатысушылар үшін – Байқау туралы ережені Қазақстан ҰОК сайтында Конкурстың арнайы бөлімінде табуға болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз