Еуропа лигасының аясында Францияның «Марсель» клубы мен Португалияның «Витория Гимарайнш» командасы арасындағы ойын алдында оқыс оқиға болды.
Өз жанкүйерлерімен керісіп қалған «Марсель» қорғаушысы Патрис Эвра олардың бірінің басынан тепкені үшін ойын басталмай жатып, алаңнан қуылды.
Францияның L’Equipe газетінің журналисі Карим Аттаб Twitter-де «Эвраны өз жанкүйерлерінің бірі балағаттаған», – деп жазды.