Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Жанар Айжанова Төреғали Төреәлінің жалған өлімі жайлы: «Құдайдан қорықпайсыздар ма?»

654

Актрисаның айтуы бойынша, бұл қорқынышты хабарды естігенде отырған жерінен тұра алмай қалған. Жалған екенін естігеннен кейін ғана есін жиған. Алайда әріптестерін қолдап, үнсіз қалмауды ұйғарды.

Бүгін түнде «Төреш жол апатынан қайтыс болды» деп, елді дүрліктірген адамдар, сендер өзі обал-сауап дегенді білесіздер ме? Құдайдан қорықпайсыздар ма? Біреудің баласында не ақыларыңыз бар? Ата-анасы былай тұрсын, мен өзім естігенде отырған орнымнан тұра алмай қалдым. Төреш дін аман екен, Алла ұзағынан қылсын, жасың ұзақ болсын, өсіп-өркендей бер!

Естеріңізге сала кетейік, 22-ші қаңтарда әлеуметтік желілерде атышулы әнші жол апатынан қаза тапты деген ақпарат тараған болатын. Қуанышымызға орай, бұл жай ғана қауесет болып шықты. Қауесетті жоққа шығарып, Төреғали Төреәлі жанкүйерлеріне «Мен тірімін!» – деген жазба қалдырған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз