Жанар Айжанова: «Біздің бала кезiмiзде ақшаға зат табыла бермейтiн»

Бір кездері ата-әжелеріміз, аға-әпкелеріміз  сүйіп тыңдаған әнші Жанар Айжанова өзінің өнерге қалай келгенін айтып беріпті. 

Ақшаға зат табыла бермейтін кездері Жанарға анасы сонау Алматыдан өнерін шыңдау үшін домбыра алып берген екен.

«Біздің бала кезiмiзде ақшаға зат табыла бермейтiн. Мына домбыраны марқұм анам тапсырыс берiп Алматыдан мен 3 сыныпта оқып жүргенде 24 сомға сатып әперген болатын. Қасымдағы Серiк ағаммен қосылып ән салатынбыз. Менiң әншi болатыныма әу баста кепiлдiк берген анашымның мынау домбырасы мен үшiн баға жетпес сыйлығы болатын. Альбом ақтарып отырып тауып алдым. Оқырмандарыммен бөлiсейiн деп паракшама қойып отырмын» деп жазыпты өзінің Инстаграм парақшасында әнші. 

Бұған пікір білдірген желі қолданушылары өз кезегінде: «Керемет домбыра», «Иә, қазір заман өзгерді. Бәрі бар, бірақ ақша жоқ» деген пікір білдіріпті.