Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
0
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Жаңақаланың сегіз тұрғыны “Ислам мемлекеті” туымен түскен сурет үшін сотталды

Бұл суретті журналистерге Батыс Қазақстан облысы мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соттың судьясы Бақыт Ермаханов көрсетті. Ол сот отырысын суретке және видеоға түсіруге рұқсат бермеді.

Сот таратқан баспасөз релизі бойынша, “2016 жылы 5 маусымда Ақтөбеде жасалған теракт Ғабдешовке (сотталушылардың бірі) қатты әсер еткен”, сөйтіп теракт жасауды жоспарлаған, онысын мұсылман қауымының мүшелеріне айтқан. Тергеу материалдарына сәйкес, қара жалау ұстаған топ мүшелері “Аллах Акбар!” деп айқайлап, ауылды көлікпен аралаған. “Сол әрекеттері арқылы олар “Ислам мемлекеті” террористік ұйымының идеясына, солар жүргізіп жатқан қарулы жихадқа қолдау білдірген”, – делінген сот үкімінде.

Сотталушылар тағылған айыптарды жоққа шығарды. Адвокаттар мен сотталушылардың туыстары сот үкіміне шағым түсіруді көздеп отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз