“Ескі жыл есірке, жаңа жыл жарылқа”. Жаңа жылға әрқайсысымыз жаңа жоспар құрып, өмірімізді ақ парақтан бастауға бет алып жатамыз. Жайнап тұрған дастархандағы салаттар мен түрлі жемістерді қоя тұрыңыз, алдыңызда 365 күн жаңа мүмкіншіншіліктер мен талай қызықтардың жылы болатын сияқты.
Жоспарларыңызды тізбектеп жазып қойсаңыз, біз сол жоспардың тиімді іске асуының өзіндік жолын ұсынамыз. Ендеше, назар аударыңыз:
Бұл ай өзіңіздің сезімдеріңізді саралайтын уақыт. Қандай мәселелрге төтеп бере алмайсыз, қай кезде эмоцияға берілесіз соны аңғарыңыз. Осы ай бойына «жаңа» өміріңізді бүлдіріп алмау үшін ішкі сезімдеріңізбен жұмыс жасаңыз.
Осы айда айналаңызды қоршаған жандарға жылу сыйлаңыз. Жаңа таныстар табыңыз, достарыңызбен қарым-қатынасыңызды нығайтыңыз.
Наурыз – әлем біткен оянып, тіршілікке кірісетін сәт. Сіз де бұл сәттен құр қалмай, мүмкіндіктеріңізді дұрыс пайдаланыңыз. Күшіңізді өзге нәрсеге құртпай бір іске жұмылдырыңыз.
Өзіңізге деген сенімділікті арттыратын сәт туды. Осы уақытқа дейін жасаған әрекеттеріңізді саралап, өзгерістерге көз жүгіртіңіз. Әр аптаның аяғында өзіңіздің жетістіктеріңізді жазып жүріңіз.
Сізді қолдайтын жандарға назар аударуды ұмытпаңыз. Сыйлық сыйлап кейде оларды қуантып алыңыз.
Маусым – жылдың экваторы. Бұл айда сіз өткенге бір көз жүгіртіп,қандай жетістікке жеткеніңізді бір шолып өтіңіз. Өзіңізге жарты жылдың есебін беріңіз.
Бұл уақытта демалыңыз. Қауырт әрекеттің барлығын реттеп алыңыз да, демалысқа көңіл бөліңіз. Отбасыңызға, бауырларыңызға қыдырып баруды ұмытпаңыз.
Аздаған үзілістен соң шығармашылғыңызға бет бұру әлдеқайда жеңіл бола түседі. Демалыста жинап алған күшіңізді енді шығармашылғыңызға жұмсаңыз.
Өзіңізді дамытыңыз. Сіздің болашақта тұлға болуыңыз үшін міндетті түрде білім керек. Кітап оқыңыз, мазалған сұрақтардың жауабын іздеңіз.
Бойыңыздағы өзгерістерді тағы бір ой елегінен өткізіңіз. Апта сайын өзіңіздің құндылықтарыңызды, міндеттеріңізді жазып жүріңіз.
Осы айда табысқа жету үшін сіз жыл бойына тер төктіңіз. Адамдармен араластыңыз, жаңа таныстар таптыңыз. Таза еңбегіңіздің жемісін бірден көру мүмкін емес. Уақыт беру керек. Ал, сіз табысқа жету үшін жыл басынан бастап еңбек еткеніңізді ескерсек, табысқа қол жеткізетін сәт туды.
Жыл аяғына таяу қалды. Демек, сіз алға қойған жоспардың бір бөлігін атқарғаныңыз анық. Өзіңізді марапаттау үшін уақыт табатын кез келді. Енді келесі жылға жаңа жоспар құрыңыз.