Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Жаңа жол ережесі: «Ш» белгісін жапсыру міндетті емес

Оқырман назарына 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін сол өзгерістер мен жаңа терминдердің негізгілерін ұсынып отырмыз. Ең алдымен, темір тұлпарды тоқтатқан жол сақшысы бірден көлікке жақындап, жүргізушінің талабы бойынша қызметтік құжатын көрсетуге міндеттеледі. Әрі қарай көлікті тоқтатудың себебін түсіндіруі тиіс. Ереже бұзылған жағдайда оны растайтын дәлелдер келтіруі қажет. Естеріңізде болса, бұрынғы нұсқада полиция қызметкерінің тоқтатылған автокөлікке бірден жақындауы керек екені айқындалмаған болатын.

Айтпақшы, енді жүргізушілерге жол инспекторларының іс-әрекетін бейнекамераға түсіруіне заң жүзінде рұқсат етіледі.

Сондай-ақ дәрі ішіп немесе мас күйде жүргендерге, ауру халдегі адамдарға, өзімен бірге куәлігі жоқтарға (жүргізуші куәлігінің орнына берілетін уақытша куәлік, жүргізушінің өзі екенін растайтын құжат) және жүргізуші куәлігінен айырылған азаматтарға көлік тізгінін беруге тыйым салынады. Тағы бір жаңалық, өзгелерге қауіпсіз әрі жол қозғалысына кедергі келтірмейтін жағдайда көліктің артқа жүруіне болады. Алайда, көше қиылысында және айналатын жолда мұндай әрекет жасауға рұқсат етілмейді.

Велосипед жолы немесе жолағы жоқ жерлерде мопед (16 жастан жоғары) пен велосипед жүргізушілеріне (14 жастан жоғары) жолдың оң жақ бөлігінің шетімен қозғалуға болады, сондай-ақ оларға маршруттық көлік құралдарына арналған жолақпен жүруге де рұқсат етілгенін айта кеткен орынды.

Өзгертулерге сәйкес, бұдан былай көлікке шегелі дөңгелек салынғанын білдіретін «Ш» белгісін жапсыру міндетті емес.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз