Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
20
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

Жаңа түскен жас келін тойы бола салып, күйеуінен өзіне талақ сұрады

798

Ал күйеуі сүйіп қосылған келіншегін алған шешімінен қайтаруға тырысыпты. Ақыры болмағасын күйеуі мұндай шешім қабылдауының сырын білгісі келеді. Сонда қеліншек: “Қанына тартпай тумайды”, – деген, және “Қалай жазаласаң, солай жазаланасың,- деген ескінің сөздері бар. Мен сізден бала тапқым келмейді, өйткені егер бала тапсам, қәзір анаңыз қорланғандай мен де ертең қорланамын ба деп қорқамын” – депті.

Келіншек ол жігітпен ажырасып, анасына мейірбан – жақсылық жасаушы бір жігітке тұрмысқа шығыпты. Арадан біраз жылдар өтіп, күндердің-күнінде керуенде түйенің үстіне қойылған түймешеде, бала-шағасының қызметінің аясында кетіп бара жатса, керуеннің соңында жаяу келе жатқан қараусыз бір шалға көзі түсіпті…

Сонда әйел: “Ана ақсақалды қасыма алып келіңдер”, – деп бала-шағасына бұйырыпты! Сөйтсе ол бұрынғы күйеуі екен… Ол әйел жаңағы шалға қарап: “Мені таныдыңыз ба?” – деп сұрапты. Сонда шал: “Жоқ”, – депті. Ал әйел: “Мен сіздің бұрынғы келіншегіңізбін, мен сізге сол кезде: “Қанына тартпай тумайды! Қалай жазаласаң, солай жазаланасың!” деп айтпап па едім?! Міне, көріңіз, менің бала-шағам қалай қызметімді атқарып жүр, ал сіздің қартайған кезде жаныңыздан табылуы тиіс бала-шағаңыз қайда?” – депті!

Сосын “сауап үшін мына ақсақалға да қамқор болыңдар”, – деп бала-шағасына бұйырыпты…

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз