Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
16
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Жаңа технологияға бейімделген Павлодар зауытының экспорттық әлеуетті артып келеді

Игорь Зубков, «KSP Steel» ЖШС директорының орынбасары:

– Өндірілетін өнімнің түрлері көп. Ол тігіссіз, диаметрі 60-тан 273 мм-ге дейінгі ыстыққа төзімді құбырлар. Қабырғаларының қалыңдығы 4-тен 40 см-ге дейін. Құбырлар ГОСТ стандарттары және халықаралық АПИ стандарттары бойынша жасалады.

Зауыт 11 өндірістік желіден тұрады. Негізгісі ыстық жаймалау желісі. Мұнда үздіксіз өндіріс барысында дайын құймалардан болат құбырлар алынады. Өндіріс қуаттылығы жылына 270 мың тонна дайын өнімді құрайды.

Ирина Пчельникова, «KSP Steel» ЖШС өндірісті дамыту жөніндегі жобалық топтың басшысы:

– Биыл біздің кәсіпорын «KazakhExport» экспортерларының қаржылай қолдау мүмкіндігін пайдаланып отыр. Бұл бізге экспорт көлемін арттыруға мүмкіндік береді. Оған өндірістік әлеуетіміз жетеді.

Наурыз айында «KazakhExport» ұлттық компаниясы экспорттық сауданы қаржыландыру жүйесі бойынша кәсіпорынды 450 миллион рубльдің тапсырысымен қамтамасыз еткен. Осының арқасында өнімнің 50 пайыздан астамы сыртқы нарыққа шыға бастады. Ал 2017 жылдың қортындысы бойынша «KSP Steel» зауыты Ресей Федерациясында мұнай-газ саласына құбыр шығаратын ең үздік шетелдік кәсіпорын атанды.

Айта кетелік, ЭКСПО-2017 көрмесі кезінде жылу электр стансаларының ауаны ластау деңгейін төмендету үшін жаңа технологиямен әзірленетін жылу насостарын қолдану туралы сөз қозғалып, мұндай технологияны қазақстандық компаниялар патенттеп жатқаны айтылған еді.

Көрме барысындағы жиында Гумилев атындағы Ұлттық университетінің жылу энергетикасы кафедрасының профессоры Алтай Әлімғазин Павлодар зауытынан жаңа технологияға негізделген құрастырмалы өндіріс ошағы ашылғалы жатқанын айтқан еді.

– Үкіметке жылу насостары қолданысының көмегімен ауаға шығатын зиянды қалдықтарды азайту ұсынылып отыр. Өйткені Қазақстанда қыс ұзақ, көп аймақта көмір жағылады. Ал жаңа технологияға көшсек, Үкімет осы бағытқа бөлетін ақшасын 3-4 есеге қысқарта алар еді. Алайда бұл технология бізде, өкінішке қарай кең қолданысқа енгізілмей отыр.

Біз бұл технологияны 2000 жылы патенттеп, Шығыс Қазақстандағы бірқатар өндіріс ошағын жарақтандырғанбыз. Жылу насостары коттедж, әлеуметтік маңызды нысандар және өнеркәсіп орындары құрылысында қолдану тиімді. Қазір «KSP Steel» зауытында құрастыру өндірісін ашуды жоспарлап отырмыз, олардың өзі жылу электр стансасынан жылу алып, қатты шығындануда. Осы зауыттың бір цехына да жылу насосын қондыру ойда бар, – деген еді ғалым ЭКСПО кезінде. Міне, сол айтылғандардың бүгін біз нақты өмірдегі қолданысының куәсі болып отырмыз.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз