Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Жаңа дерек… Дүтбаев не үшін сотталды?

“Дүтбаев ісі” бойынша сотқа тартылған Раис Мұратов пен Нұрлан Хасен де дәл осындай қылмыс жасады деп айыпталып, екеуіне де бес жылға бас бостандығынан және өмір бойы мемлекеттік лауазымды қызмет атқару құқығынан айыру жазасы тағайындалған. Нұрлан Хасеннің мемлекеттік наградаларынан айыруға ұсыныс жасалған.

“Дүтбаев ісіндегі” соңғы сотталушы Ерлан Нұртаев “мемлекеттік құпияны жариялауға болысты” деп айыпталып, үш жыл алты айға бас бостандығынан айыру және мемлекеттік лауазымды қызмет атқару құқығынан айыру жазасы кесілген.

Әскери соттың ақпаратына қарағанда, үкім заңды күшіне әлі енбеген.

Нартай Дүтбаев – Қазақстан тәуелсіздігін жариялағалы бері өткен ширек ғасырда сотталған арнайы қызметтің екінші басшысы. Біріншісі – арнайы қызметті екі рет басқарған, ал 2008 жылы “мемлекетке опасыздық жасады” және “мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенді” деген айыптар бойынша сырттай сотталған Әлнұр Мұсаев. ҰҚК басшылары ретінде Мұсаев пен Дүтбаевтың аты-жөнін ҰҚК сайтынан алып тастаған.

Нартай Дүтбаев ҰҚК-ні 2001 жылғы желтоқсаннан 2006 жылғы ақпанның 22-сіне дейін басқарған. Ол оппозиция жетекшісі Алтынбек Сәрсенбайұлын қастандықпен өлтіруге ҰҚК-нің “Арыстан” арнайы жасағы қызметкерлерінің қатысы бары анықталғаннан кейін отставкаға кеткен. Дүтбаев отставкаға кеткен соң ҰҚК академиясының басшысы, президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңесшісі болды, аз уақыт “Қазатомөнеркәсібі” ұлттық компаниясының вице-президенті қызметін атқарды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз