Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Жан керек екен”. Алматыда сотталған трансгендер әйелдер түрмесіне қамалды (фото)

166

27-жастағы Виктория Беркходжаеваға ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы 4-бөлігі бойынша айыпты деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы кесілді.

“Сот Беркходжаева Виктория Уәлижанованы ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы 4-бөлігі бойынша қарастырылған қылмысқа кінәлі деп табылып, 7 жылға бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы кесілді. Ол жазасын жалпыға бірдей режимдегі колонияда өтейді”, – деді судья Қасым Қалмағамбетов.

Сотталушы Каримжан Беркходжаев аса ірі көлемде ақша бопсалаған. Іс бойынша айыпталушы және жәбірленуші ретінде жынысын ауыстырған екі ер адамның ісі қаралған. Алайда құжаттарға сай, жәбірленуші – әйел адам. Тергеу нұсқасы бойынша, сотталушы жынысын ауыстыру үшін тағы бір ота жасау тиіс болатын, сол себепті ол өз құрбысынан 33 мың доллар беруін талап еткен. Сотталушы құрбысына зәбір көрсеткен. Ондай көлемдегі ақшаны таба алмаған құрбысы құқық қорғау органдарына барып, арыз берген. Тамызда Виктория қамауға алынған. Алайда ол өз кінәсін мойындамайды.

“Мен өзімді кінәлі деп санамаймын. Ол мені қызғанатын. Жанжал екеуіміздің ортақ сүйген бір жігітіміз үшін шықты”, – деді Беркходжаева.

Алдында Алматы ішкі істер департаменті сотталғалы жатқан трансгендердің ерлер түрмесіне тоғытылуы мүмкін екенін мәлімдеген. Өйткені жынысын өзгерткенмен сотталушы төлқұжатын ауыстыра алмапты. Алайда тергеу процесі барысында трансгендердің адвокаты бұл мәселені оңтайландырып беріпті.

“Виктория құжатқа өтініш жазған. Осы жұмада төлқұжатын алады. Сондықтан сотта оның әйел екенін айғақтайтын құжаттың түбіртегі көрсетілді. Сотта жынысы әйел адамға үкім шығарды. Дегенмен біз сот үкімімен келіспейміз, аппеляцияға береміз”, — деді адвокат Марина Расулова.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз