Жамбыл облысының Меркі ауданында полиция қызметкерлері тұрғын үйлерге түсіп, ұрлық жасаған ер адамды ұстады. Қолының сұғы бар ер адам пластик есікті ығыстыру арқылы тұрғын үйлерге заңсыз кіріп, алтын әшекейлер, ноутбук және басқа да құнды заттарды ұрлаған.
Сондай-ақ, тағы бір тұрғын үйдің қоймасынан азық-түлік (жылқы қазысы), тойбастар сыйлықтарын және өзге де заттарды ұрлап кеткені белгілі болды.
Полиция қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында бұрын сотталған 39 жастағы ер адамды ұстады. Аталған дерек бойынша үй-жайға заңсыз кіріп, ұрлық жасағаны үшін сотқа дейінгі тергеу басталды.