Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
10
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Жамбыл облысындағы жол апатынан 40-тан астам жолаушы зардап шекті

Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметі «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне мәлім еткендей, 1 шілде күні 22:20-да Қордай аудандық ішкі істер бөліміне Алматы-Тараз тасжолында 25 жастағы шымкенттік жүргізушінің Алматыдан туған қаласына келе жатып, «Kaessbohrer» автобусын басқара алмай қалғаны туралы хабарлама түскен.

«Оқиға Алға ауылында «Қауіпті бұрылыс» ескерту белгісі аймағында болған. Жолаушылар автобусы оң жаққа қарай аударылған. Жол апаты салдарынан бір жолаушы қаза тапты», – деп түсіндірді ведомствода.

Нақты деректер бойынша, Қордай аудандық орталық ауруханасына түрлі жарақатпен 41 адам түсіп, хирургия бөліміне алты жолаушы жатқызылған. ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлады Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз