Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
13
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Жамбыл облысында асылып өлген келіншектің туыстары оның қазасына жігітін айыптап жатыр

254

Әйгерім Молдатаева ауладағы қораның ішінде 3 мамырда асылып қалған. Бұрын тұрмысқа шығып, ажырасқан Әйгерімнің бір баласы бар. Ол өзінен екі жас кіші жігітпен көңіл қосып, ғашықтардың құпиясы Әйгерім қаза болғаннан кейін жария болған. Әрі сол азамат оның өліміне себепкер дейді марқұмның жақындары. Олардың айтуынша, 27 жастағы жігіт оны қарызға белшеден батырып, ақыры берешекті өтей алмаған келіншек өмірімен қош айтысқан.

https://kaz.365info.kz/zhas-khyzben-erotikalykh-bi-bilegen-alagozov-zhelini-zhardy-video-332318

“Бұл жерден  200 мың алыпты. Ақшалай алған. Тауармен алғаны 300 мың. Тауар деп рәсімдеген, бірақ ақшалай алған. Ең соңғысы Каспиден млн. алған ғой. Сонда кредиттердің бәрін қалай бере берген түсінбеймін. Оның арасында құбыларынан алған”, деді марқұмның анасы.

Әйгерім қаза болған соң жігіті әкесімен бірге оның туыстарына көңіл айтуға келген. Сол кезде 27 жастағы азамат сүйіктісіне әр жерден қыруар қаржы алдырғанын мойындаған дейді марқұмның тустары. Ал оның әкесі барлық берешекті өтеп беруге уәде етіпті.

“Алайда кейін бұл сөз құрғақ уәде ретінде қалып, екінші тарап айтқанынан айныған. Бет-жүзін көрсеткісі келмеген баласы да, әкесі де берешекті өтуеге қарсымыз дейді. Айтуларынша, банктен 27 жастағы азамат алдырды деген 2 жарым млн. теңгені толық өтеп берген.  Басқасына қатысымыз жоқ дейді”, деді ол.

https://kaz.365info.kz/oskemende-15-zhastagy-khyzdy-oltirip-ketti-332315

Қара жамылған отбасы қыздың өліміне болмай қалған күйеу бала айыпты  және ол 5 млн.ға жуық қаржыны өтесін деген сарында үстінен арыз түсірген. Алайда қылмыс құрамының жоқтығына  байланысты іс жабылып тынды.

“Қазіргі таңда осы дерек бойынша қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты, ҚР ҚК 35-бабы, 1 бөлігі, 2 тармағымен қылмыстық іс өндірістен толық тоқтатылды. Күндерін әзер көріп отқан отбасы мұнымен шектеліп қалмақ емес. Олар арызды қайта қарату үшін, прокуратураға шағым түсіргелі жатыр”, деді Жамбыл облыстық ІІД баспасөз хатшысы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз