Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
3
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Жаманқұловтың қатысы қанша?”. Танымал әзілкеш Ерлан Біләл туралы шындықты айтты

365

https://kaz.365info.kz/tyngyshbaj-men-toregalidi-tiridej-komdik-khazakh-khajda-barasyn-296829

Ауылда менің анамның қолында болды, Әке-шешесімен анам өте жақсы араласты. Пендешілік өкпе айтсам, менікі де бір есекке жүк болады. Тіпті ұстазымыз ТҰҢҒЫШБАЙ ағамыз жайлы да пікіріміз екі бөлек. Бірақ, қызметті берген мен емес, ондай ауыр жүкті арқалап, әкем театрдың басынан сөз асырмайтын талай дүлділінің көңілін тауып, отыз жыл бұрынғы атағының буымен ауыздыға сөз, аяқтыға жол бермей жүретін паңдарының тігісін жатқызып, ғимараттың ыстық-суығын, отын-суын түгендеп жүретін азапты оның өзі де қаламаған шығар.

Отырып алып, шоқ үрлеп, “Тұңғышбайға өстіп еді, өзіне де сол керек!” – дегендер де жүр.

Оны Тұңғышбай аға көрсін, естісін дегендей әдейі сілтеме жасай айтып жатқаны да бар. Мен де сол Тұңғышбайдың шәкіртімін. Ұстазымыз бізді біреудің басындағы боқты көрсең байбалам сал деп оқытқан жоқ. Оның бойындағы тектілік, өші кетсе де өрекпи жөнелетін пендешіліктен алыс, ондай лас пиғылдан жоғары. Ұстазымыздың алысар дұшпаны Сіз бен біздің деңгейде де емес!

https://kaz.365info.kz/men-lesbiyankamyn-bajzakhovanyn-zhakhtastary-khazakh-khyzynyn-khandaj-ekenin-korsetti-video-296828

Төрт құбылаң тең тұрғандай, өнер адамының біріне сөз ерсе, өршелене кеткенді қою керек қой енді. Парақорды өнерден іздегенше, өрге қарасаңдаршы. Жеріңді сатып, бензиніңді қымбаттатқан, мұнайыңды сыртқа сатып, тіліңе қастық жасаған өнерпаз емес. “Жыртық – тесікке күліптінің” кері бұл.

Асқар Наймантаев

Facebook-тағы жеке парақшасынан алынды 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз