Қазіргі көрсеткіштер осы сала үшін ең сәтсіз жыл болған 2019 жылдағы нәтиженің қасында ғана тиімді көрінеді.
Қаңтар-қараша айларында шетелге 1 млн 916,5 мың тонна жалпақ прокат сатылды. Бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30,2%-ға немесе 444,3 мың тоннаға артық. Бірақ бұл 2016-18 жылдардағы деңгейден төмен, содан кейін шетелге жеткізу көлемі 10-23% жоғары болды.
Негізгі өткізу нарығы Ресей болып қала береді. 2020 жылдың 11 айында онда 1,17 млн тонна прокат сатылды. 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 3,9%-ға өсті. Бұл ретте мәмілелерден түскен табыс шамамен 10%-ға төмендеді: 654,2-ден 590,8 млн долларға дейін.
Тиісінше,
қазақстандық өнім экспортындағы РФ үлесі де қысқарды. Егер 2019 жылы ол 75% құраса (ақшалай түрде), бір жылдан кейін 62%-ға түсті
Баламалы өткізу нарықтары екі ел болды.
Алғашқы бағыт – Өзбекстан. Бұл бағыттағы прокат саудасы бір жылда 123,6-дан 149,5 млн долларға (21%) дейін өсті. Ал жүк 188,9-дан 269,7 мың тоннаға (42,8%) жетті.
Екінші бағыт – Қытай. Бұл елге сатылым қарыштап өсіп жатыр.
Бұл 3 елге қазақстандық жалпақ прокат экспортының 90 пайызы келеді. Қалған 10 пайызы 11 ел арасында бөлінеді. Ол елдер қатарына (жақын шетелдерден бөлек) Ауғанстан, Вьетнам, Үндістан кіреді.
Сатылымның өсуі тауар өндірісі нәтижесінде болып отыр. 2020 жылдың қорытындысы бойынша, республикамыз 2 млн 568,4 мың тонна өндірген. Ол 2019 жылдағы өндірістен 26,1 пайызға көп. Өткен жыл 2017 жылмен бірге сәтті болды. Ол кезде өндіріс көлемі 3 млн тонна прокатты құрады.
Өндіріс өсімі прокат импортына азайтуға мүмкіндік берді. 11 ай ішінде республикаға 520,8 мың тонна әкелінді. Бұл былтырға қарағанда 16,1 пайызға аз.
Әкелген тауардың құны 397,2-ден 319,9 млн долларға төмендеді. Прокат жеткізуші ретінде ресми деректерде 38 ел көрсетілген. Оның ішінде Малайзия, Жапония, Бангладеш пен Оңтүстік Африка бар. 96 пайыз үлес екі елге тиесілі: Ресей (240,1 млн, -21,7%) және Қытай (65,6 млн, -13,9%).