Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Жалқау мемлекеттік қызметкерлердің табысы кемиді

Себебі, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік аз қимылдайтындардың жалақысын азайтып, артынша тіпті жұмыстан да шығарып жібереміз дейді. Осылайша, жатыпішерлерден құтыламақ екен. Шенеуніктерді жаппай алаңдатып қойған айлық төлеудің жаңа әдісі пилоттық бағдарлама ретінде Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы агенттігінің өз ішінде, әрі Әділет министрлігі мен Алматы облысы әкімдігінде келесі жылдан бастап қолданылмақшы.

“Бұл пилоттық жобадан соң кімнің қалай жұмыс істейтіні анық болады. Алдын ала айтар болсақ, ауылдық аймақтардағы мемлекеттік қызметкерлердің алатын жалақысы бірден 50 пайызға өсуі мүмкін. Өйткені, олардың атқарып жатқан ісі ұшан-теңіз. Әрине, бұл әзірге болжам ғана. Бәрі уақытында белгілі болады”, – дейді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз