Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
20
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Жалғыздарға қиын…”. Танымал сәуегей 2018 жылға қатысты болжамымен бөлісті

178

Бөлектенгісі келетін жандардың алдынан тосқауыл кездеседі, ит жылы ынтымаққа, бірлесіп әрекет етуге, бір-бірін құрметтеп, ой-пікірлерімен санасуға шақырады.

Мәселен, алдағы жыл ер мен әйелдің мәңгілік жұп болып, шаңырақ көтеруіне өте қолайлы жыл. Жалпы нумерологияда екі саны энергияға жауап береді. Сол себептен де көбісі отбасылық жайлылықты, ошақ жылуын қалайды. Өмірлік серігін кездестіріп, көптен таныс жандар нақты шешімге келіп, отбасын құруға асығады”, — дейді Аман.

Сондай-ақ, нумерологтың болжамынша, ит жылы өнер адамдарына, әртістерге дуэт құруға таптырмас жыл. Дей тұрғанмен, бұл цифрдың теріс жақтары да баршылық. Әрбір істе бәрін ақылға салып, келісіп, бейбіт жолмен шешу керек. Ымыраластық, ынтымақшылдық, дипломатия болмаса “аққу, шортан һәм шаянның” кебін киюіңіз мүмкін.

https://kaz.365info.kz/oryssha-bilmeu-de-khasiet-oryssha-sojlejmin-dep-eldi-kyldirgen-khazakhtar-18-291465

Сонымен қатар, 2018 жылы шығармашылық салада істейтіндердің, психологтар мен астрологтардың Айы оңынан тумақ.

“Бұл жыл бұрынғы жылдан өзгерек”

“Таяудағы бес жылда Қазақстанның өзге елдермен серіктестік қарым-қатынасы өте жоғары деңгейде. Алдағы 4-5 жылда еліміз қандай да бір жобаларда, жаһандық мақсаттарда әлемдік жетекші мемлекеттердің қолдауына ие болады. Әзірге мен, нумеролог ретінде, теріс ритм, мәселен келіспеушілік, дау-жанжал, тоқырау байқап тұрған жоқпын. Қазақстанда төрт-бес жыл қатарынан оң ритм. Бұл өте сирек кездесетін жағдай. Яғни серіктестік те жоғары, сырттан да қолдау бар, табыс та молаяды. Ал валюта нарығында, я да тағы басқа оқиғалар бұл, әрине, табиғи нәрсе, ондай болып тұрады.

Жалпы 2018 жыл қазақстандықтар үшін табысты жыл болмақ. Отандастарымыздың әл-ауқаты артып, тұрмысы жақсара түседі.

Биылғыдан да жақсы өмір сүретін болады”, — деді нумеролог.

Оның айтуынша, әлемдегі жағымды-жағымсыз оқиғалар Қазақстанды да айналып өтпейді. Десек те еліміз кез келген тосқауылға төтеп беретін әлеуетке де, ресурсқа да ие.

“Біз мына тұтас әлемнің бір бөлшегіміз, сондықтан жаһандық оқиғалардан тыс қала алмайтынымыз түсінікті. Бірақ, нумеролог ретінде айтар болсам,

Қазақстан қуатты әлеуетке, ресурқа ие. Қазақстанды ең жайлы планета Юпитер жебейді.

Юпитерді мол бақыттың ғаламшары, ең дана планета деп те атайды. Сондықтан бұл ғаламшардың қамқорлығы мен қолдауына ие ешбір ел жаман тұруы мүмкін емес. Тіпті әлемде қандай да бір табиғи апат, төтенше жағдай бола қалса, Юпитер бізге барлық ресурс пен мүмкіндікті береді”, — деді нумеролог.

Ит адалдықты жақсы көреді

“Ит жылы адал еңбекті, шыдамдылықты, алға қойған мақсат-міндеттердің орындалуын талап етеді. Позитивті көңіл-күйді, ойын-сауықты жақсы көреді. Бірақ арамдықты, әділетсіздік пен өтірікті кешірмейді. Ит адал ойынның жақтасы, жыл соңында әрбіреуін еңбегіне, адал ниетіне қарай марапаттайды.

https://kaz.365info.kz/medkolledzhde-okhidy-eken-astanadagy-khazakh-khyztekeleri-18-291422

Мүмкіндік береді, алайда оның сұрауы да жоқ емес. Ит, біз ойлағандай, қарапайым үй жануары емес, жауапкершілікті талап етеді”, — деген Аман қазақстандықтарға келе жатқан жаңа жылда шынайылық, өзара сенім мен адал махаббат тіледі.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз