Әлеуметтік желіге жартылай жалаңаш суреттерін жариялап, жалаңаш клипке түсіп көптің сынына ұшырап жүрген әнші Кәмшат Жолдыбаева бұл тұрғыдағы өз ойын айтты.

Мәселен, соңғы рет желідегілерді әншінің суға түскен кездегі ашық-шашық видеосы мен суреті ұнамаған. “Әніңді айтып, тыныш жүрмейсің бе?”, “Қазақ қыздарының ашық-шашық жүргеніне ұялады екенсің” деп жазды пікір қалдырушылар.
Алайда, Кәмшат бұл тектес жазбаларға бас қатырмайтынын айтты.
https://kaz.365info.kz/kamshat-zholdybaeva-zhalanash-kyjinde-klipke-tysti-260240
«Ол орынды. Ойбай пікір жағымсыз жазылып жатыр немесе жазылмай жатыр демеймін. Пікір жазылмаса, сол жаман. Пікір жазылмаса саған ешқандай да қызығушылық танытылмайды, еленбейді», – дейді Кәмшат.
https://kaz.365info.kz/atyn-shykhpasa-sheshinu-kerek-pe-zholdybaevanyn-yyatsyz-suretteri-259058
Ол өзінің образын, киетін киім үлгісін көбіне сіңлісімен ақылдасатын айтады.
«Өз жолымен тым жақсы келе жатқан қасымдағы сіңілім бар. Маған көмектесетін тұсы – ақыл беру, кеңесу. Образдарымды, стилімді… Сол жағынан талғамы жоғары. Былайша айтқанда, халықтың алдына шыққан образдарымның барлығы сол Алтынаймен ақылдасып жасалатын дүниелер», – дейді Жолдыбаева.