Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
9
USD
482
0.00
EUR
532
0.00
RUB
5.07
0.00

Қазақтың ежелгі дәстүрінде әйелдің киіміне шектеу қойылмаған

2820
Николай Хлудовтың картинасы «Жүн сабап жатқан қазақ әйелдері»

Бұл туралы «Стратегия Восток-Запад» аналитикалық орталығынң бас директоры Дмитрий Орлов айтты. Далалық қауымдастықтағы әйелдің рөлі туралы айта отырып, ол былай деді: қазақ қызы өзінің қалауымен киіне алған, бетін ашып жүретін және еркектермен бір ортада бола алатын. Тіпті жалаңаштанған дене де ұят саналмайтын. Керісінше өмірге бала әкелу мен жаңаның бастауының символы болған.

— Қазақстанда бірнеше күн бойы қысқа белдемше киген қыз бен таксист туралы роликке қатысты пікірлер толастар емес. Қалай ойлайсыз, біз неліктен қайтадан патриарқалды-феодалды қатынасқа тап болдық?

Бұл ақылы саяз шенеуніктің жеке бастамасы дегім келеді. Осындай «ғылыми-танымал киноның» түсіріліміне тапсырыс бермес үшін, барлық салдарын алдын ала ойлаған жөн еді. Әйтпесе

Қазақстандағы биліктің қоғамды екіге жаруға тікелей қатысы бар екенін мойындау керек

Менің ойымша Нұр-Сұлтанда осыған қатысты қорытынды шығаруы керек.

Екінші сұраққа келетін болсақ, бұл жерде бәрі біз ойлағандай емес.

Бұдан 100, 200, 300 жыл бұрын әйелдердің қалай өмір сүргенін біз қайдан білеміз.

Ол уақытта әйелдің әлеуметтік мәртебесі оның отбасының мәртебесімен анықталған. Ханның әйелі мен қарпайым адамның әйелі — екі бөлек адамдар.

— Тарихшылар қазақ және қырғыз қыздары Орталық Азияның басқа елдердегі  әйелдерге қарағанда еркінірек болды деген пікір бар. Олар паранжы кимеген және еркектермен бірге маңызды саяси жиналыстарға қатыса алған. Бұл теория қаншалықты дұрыс және бүгінгі күнде өзекті?

Қазақтар мен қырғыздардың отбасында қыздың дүниеге келуі сәтсіздік саналған деген қияли әңгімені кімнің ойлап тапқанын білмеймін. Мүмкін қыздың мәртебесі ұлға қарағанда төмен болған соң солай айтқан шығар.

Бірақ

ата-анасы мен туған-туыстары ұлдарға қарағанда, қыздарды қастерлеп, сый көрсеткен

«Қыз қонақ» деп, төрінен орын берген.

Қазақтарда да, қырғыздарда да әйел үйде қамалып отырмаған. Киіміне қатысты да ешқандай шектеу қойылмаған.

— Сонда ұятмендер салт-дәстүрге қарсы келіп отыр ма?

Қандай дәстүр сөз болып отыр? Исламдық, исламға дейінгі немесе тәңірлік пе?

Бір күлкілі оқиғаны айтып бергім келеді.

Николай Хлудов деген атақты суретші болған, Әбілхан Қастеевтің ұстазы. Оның «Жүлде үшін бәсеке» деген суретіне қатысты 1920 жылдары жанжал шығып, көрмеден алынып тасталды.

Онда жоғары жағына киім кимеген, қолдары байлаулы әйелдердің тісімен түйенің тізгінен шешіп жатқан сәті бейнеленген. Хлудовты бұл суреті үшін көп сынады.

Барлық уақытта да «ұятмендер» болған. Ол кезде де қазақта бұндай болмаған дегендер  көп еді

Сол кезде Хлудовты Ахмет Байтұрсынов қолдады, оны Қазақстанда «Ұлт ұстазы» деп қадірлейді.

Ол мақаласында бұл сурет шындыққа сәйкес келмейді деп жазды, себебі

түйе шешу салтын әйелдер толықтай жалаңаш күйінде  орындаған

Бұл салт «түйе шешу» немесе «тайлақ тарту»  деп аталатын, еске алу асы берілген кезде, Қазақ даласы исламды қабылдағанға дейін орындалған.

Николай Хлудовтың суреті «Жүлде үшін бәсеке»

Әйелдің жаңалаштанған денесі  — өмірге бала әкелу мен жаңаның бастауының символы, ол Еуразияда христиан және ислам діндеріне дейін болған сенімнен бастау алған

2017 жылы да Хлудовтың «эротикалық» суреттеріне қатысты дау туды. Сол кезде қаншама адамның өздерінің ата-бабаларының салт-дәстүрін білмейтіні таңғалдырды.

Бірақ олар ненің ұят, ненің ұят емес екенін біледі.

— Қалай ойлайсыз, исламның, нақтырақ айтқанда салафизм секілді ағымдардың қоғамдағы әдет-ғұрыпқа қаншалықты әсері бар?

Суннизмдің танымал төрт мазхабы бар (құқықтық мектептер): ханафит, маликит, шафит және ханбалит.

Ханафит мазхабы ең танымалы. Соның ішінде Қазақстанда да кең тараған

Неліктен қазақтар оны қабылдады және ханафит мазхабы кеңінен таралды? Себебі ханафизмде, Құран мен Сүннетпен бірге Урф — жергілікті дәстүр деген сенім көзі бар.

Яғни

егер бір жерде исламда жазылмаған ережелер болса, жергілікті дәстүрлерге басымдық беріледі

Қосымша құқық секілді. Ханафизм ешнәрсеге мәжбүрлемейді.

Айтпақшы,

исламға жатқызылған көптеген дәстүрлердің оған еш қатысы жоқ екенін барлығы бірдей білмейді

Кейбір елдерде ар-намысқа кір келтіріп, жақындарын ұятқа қалдырғаны үшін әйелдерді өлтіреді. Бұндай жаза исламда жоқ.

Қоғамға менің сөзім ақиқат деп ойлайтын, өздерін мұсылман деп есептейтін адамдар кері әсер етеді

Олар «Құранда былай деген…» деп жар салады. Ал олар қандай да бір сүренің мағынасын, онда ненің айталғанын біле ме? Егер білсе, дарақылардың саны азырақ болар еді.

Дінге сенбейтіндердің көзін жоюға шақыратындарға қатысты да сондай жағдай. Себебі бір де бір мұсылман бұл әлемде барлығы Аллахтың қалауымен болады дегенді жоққа шығара алмайды.

Ал егер Алла жердегі барлық адамның мұсылман болғанын қаласа, азамзаттың барлығы ислам дінін ұстанар еді

Егер жерде христиандар, иудейлер мен буддистер болса, Алланың қалауы сол. Ислам жолына түспегендерді өлтіруге шақыру Аллаға қарсы тұрумен бірдей.

— Өзін өркениетті деп есептеген мемлекет осындай идеологиялық дүниелерге қалай жауап қатуы керек? Жалпы алғанда, Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері Батыс елдерінің жетістіктерінен үлгі аламыз деп айтып келеді…

Бірегей мемлекеттік идеологияға салынған тыйым алынбайынша, кімге болса да қарап, үлгі алуға болады.

Қазақстан конституциясының 5 бабында жазылған  «идеологиялық және саяси алуантүрлілік» Батысқа ұнау үшін жасалса керек. Сонда халықаралық  құқық ұлттық мүддеден жоғары болғаны ма?

Сонда «идеологиялық алуантүрлілік» дегеніміз не? Кез келген, тіпті бүлдіргіш идеологияға да рұқсат беріле ме?

Мемлекет елден біржола айырылып қалмас үшін, діни ағымдармен келісімге келуі керек.

Сондай-ақ

ұлтаралық және дінаралық араздықты қоздырғаны үшін нақты жаза кесіп, бас бостандығынан айыру керек

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз