Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Роддомдағы” былық. Ақмола облысында дәрігермен дәрігер соттасып жатыр

Алдында БАҚ-та перинатальдық орталықтың бас дәрігерімен сөйлескен Ботагөз Нагаева шыдамай, оны бетінен бір қойып, көзділдірігін сындырып қойғаны туралы жазылған.

– Бас дәрігермен жолыққанда ол маған көңіл де айтпады. Дәрігерлердің не істегенін қысқа-нұсқа суық айтып берді. Маған «прошляпили бабу» деді, яғни «қатынды өлтіріп алдық» деп қарап тұр. Мен: „Жалғыз қызым ғой, енді не істеймін„ деп оның қолынан ұстап, жылай бастадым. Ал ол болса төбеден ұрғандай: „Жерле енді„ деді. Мұнан кейін мен шыдамай кеттім. Көзім қарауытып, оған бас салдым.

Болған іске Ботагөз Құлманова еш өкінбейтінін жеткізді. Әрине, ол қызы мен немересінен айырған дәрігерлерді ешқашан кешірмейтінін айтты. Алайда Рудный қаласы перинатальдық орталығының бас директоры Галина Баландинаның өз айтар уәжі бар.

– Ол шамасы келгенше бізді шетімізден балағаттады, бірақ біз оған көңіл аудармадық. Өйткені жалғыз баласынан айырылу қаншалықты ауыр екенін жақсы түсіндік. Ешкім оған ренжімеді де. Туыстары сотқа береміз деп қорқытты, мен оларға бұл сіздердің құқықтарыңыз, беремін десеңіздер, беріңіздер дедім. Бірақ өзіме қол жұмсатып қойып қарап отыра алмаймын. Мен бірден полицейлерді шақырдым. Қазір сотқа дейінгі тергеу ісі жүріп жатыр. Маған одан ештеңенің керегі жоқ. Тек кешірім сұраса болды. Бірақ ол осы күнге дейін бер рет те хабарласқан емес.

Дәрігердің айтуынша, Дина Спанованы бала тууға дайындау кезінде ол сап-сау болған,  тек тұмау жұқтырып алғаны болмсаса. Ал тілікті қатаң көрсеткішке сай жасайды.

– Суы көп болу – ең қауіпті патология – туу кезінің 80 пайызында бұл жайт кездеседі. Біз марқұм анаға сондай диагноз қойған болатынбыз. Мұндай жайт 30 жыл бұрын бізде болған. Ол кезде әйелдің суы кетіп қалып, жарты сағаттан соң ол өліп кеткен. Спанованың да жүрегі тоқтап қалды, бала да бірден өліп кетті.

Сап-сау әйелдің неден өліп кеткенін енді арнайы комиссия тексеріп, анықтайтын болды. Ол үшін Алматы мен Қарағандыдан осы аптада тәуелсіз сарапшылар келген екен. Олар қорытынды бір айдан соң шығады деп отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз