Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
11
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Жақып Асанов Түркияның Жоғарғы соты төрағасымен және Бас Прокурорымен кездесті

Жақып Асанов қонақтарға «Прокуратура туралы» жаңа заң қабылданғаннан кейінгі еліміздің прокуратура органдары қызметіндегі өзгертулермен таныстырып, қылмыстық процесте азаматтарды қорғауды күшейту бойынша қойылған мақсатқа жету үшін атқарылып жатқан істер мен жұмсалып жатқан күш-жігерді ерекше атап өтті.

Сұхбаттасушылар өзара қызығушылық танытатын мәселелерді талқылады, сонымен қатар, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті проблемалар бойынша пікір алмасты.

Түркия Жоғарғы сотының төрағасы Исмаил Рюштю Джирит және осы елдің Бас Прокуроры Мехмет Акарджа Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқық қорғау қызметі орталығы және жоба кеңсесінің жұмысымен танысып,  жоғары баға берді. Оларға Елімізде цифрлық технологияны дамыту бойынша Елбасы Жолдауы аясында Бас прокуратура Комитеті тарапынан жүзеге асырылып жатқан бірқатар жобалар көрсетілді.

Кездесу соңында Жақып Асанов түрік тарапына Қазақстанға сапары үшін алғысын білдіріп, құқықтық салада өзара қарым-қатынастың одан әрі дамуына ниет білдірді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз