Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Жақсы ұсыныс екен”. Ұлтқа қарсы келгендерді қалай “жарнамалау” керек?

111

Оралмандарға жер берілмейді деп қайқаңдаған Қадыралина да осы жазаға әбден лайық.

Шекарадан өткен ақ жаулықты ананың ақшасын тартып алғандарды да дәл осылай теріс есекке мінгізсек қой, шіркін!

“Күн көсемінің” мәйітін Қазақстанға әкелмек болып жүрген депутатымыз Косаревтің де «есекке мінер» өтесі өтті. Мұндай мысалдарды тізе берсек, бүгін тауыса алмаспыз.

Бұл тек қана аузынан қағынған шенділерге ғана қолданатын жаза емес. Халықтың ақшасын ұрлаған кез-келген жемқор көшеде есекке теріс мініп тұрса, әркім-ақ пара аларда ойланар еді. Аудандық деңгейдегі парақорды бір-ақ күнде әлеуметтік желілердің көмегімен бүкіл қазақ танып, лағынет жаудырар еді. Ондай лағынетке қай шенді қалғысы келеді дейсіз…

Қытайдың ойламайтыны жоқ. Олар Қытайдың 54 парақорының суретін 54 ойын картасына салып тастапты. Ол картамен ойнап отырған миллиондаған халық мемлекеттің жемқорларын тани отырады. Таныған жерде жек көру сезімі де оянады.

Бізде не көп, жемқор көп. Сол көп жемқорлардың бәрінің суретін көшеге ілер болсақ, біздің қалаларда орын табылмай қала ма деген қауіп те жоқ емес.

Көшені жемқорға толтырып, халыққа табалатып көруге Сіз қалай қарайсыз?

Билбордта тұруға кімдер лайықты?

Әкеш Байбатыр

Дереккөз: Abai.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз