Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
23
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Жақсы емес пе?..”. Билік көпбалалы отбасылардың жәрдемақысы аз дегендерге жауап берді

111

https://kaz.365info.kz/shykhsyn-efirge-kopbalaly-ana-dyjsenovany-zhekpe-zhekke-shakhyrdy-289767

Бұған министрліктің өз жауабы бар екен.

“Қазір кейбір азаматтар 10 мың теңгені қайтемін, алғаным не, алмағаным не деп, өз реніштерін айтады. Бірақ ол ақшаның өмір бақи берілетінін ескеру керек.

Бізде ең жас көпбалалы ана – 35 жаста. Зейнетке шыққандар да бар. Дегенмен, 35-тен жоғары санай берсек, 80 жасқа дейін 40 жыл бойы жәрдемақы алуға болады.

Бір жылда он екі ай, сонда 40 жылда әжептәуір ақша беріледі”,

– депті вице-министр Светлана Жақыпова ҚазАқпаратқа берген сұқбатында.

Енді мұндай жауапқа қалай үндемей қаласыз? Қайнайды қанын, ашиды жанын, әрине. Дұрыс түсінсек, шенді бұл арада екі нәрсені меңзеп тұр.

Елімізде көпбалалы отбасыларға берілетін ақшаны жалпы доңғалақтаса бюджетке орасан салмақ түсіріп отыр, онда да ұзақ жылдар бойына, демек үкімет бұл реттегі өз міндеттемесін адал атқаруда дегенді айтып тұр ғой. Бірақ осы дөңгелектеген соманы жыл сайын Қазақстаннан офшорға кетіп жатқан ұрлық ақшамен салыстырса түкке тұрғысыз нәрсе боп қалатын біле ме екен олар?.. Тіпті, салыстыруға да келмейді.  Цифр келтіріп, елдің жүрегін ауыртпай-ақ қоялық.

https://kaz.365info.kz/damelenbesin-bas-bankir-arzan-ipoteka-kimderge-byjyratynyn-ajtty-307086

Иә, опырып жатыр ғой Ұлттық қорды. Жеп үйренген жуандар енді елдің адал еңбегімен жинап жатқан зейнетақы ақшасынан да дәмелі. Ауыз салып та жіберген секілді оған.

Ал ондайларды ауыздықтауға келгенде Үкімет жым болады… Одан соң…

„Бүйтіп бергенше, бермей-ақ қойыңдар„ деп бұлданғанша ай сайын бөлінетін сол 10 мың теңгені шотта сақтасаңыз 40 жылда бұл әжептәуір ақша болады дейсіздер ме? Ойбай-ау, біздің елімізде өйтіп ақша жинауға мүмкіндік болса, 10 мың теңгені айтасыз, 100 мың теңге жалақы алатындардың өзі қазір байып кетер еді ғой.

Бірақ жоқ. 100 мың теңге жалақы алса да бәрі тентіреп жүр. Үй де жоқ, күй де жоқ. Өйткені қымбатшылық. Баға деген жылыңыз не, тоқсан сайын қымбаттайды. Алайда жалақыда, жәрдемақыда еш өзгеріс жоқ. Бір айдан екінші айға зорға сүйретіліп әрең жетіп жүрген жан көп.

Ең құрымағанда, айтпай ма, сол жәрдемақыны ипотекаға аударып отырайық, көпбалалы отбасылар бірден баспаналы болады деп. Онда жөн енді. Қолжетімді деді, енді одан да арзан қып көрсететін бағдарлама қабылданды ғой. „7-20-25„ мемлекеттік бағдарламасын айтамын. Не ол да жоқ.

Не керек, зейнетақы өскенімен, көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы өспейтін көрінеді. Вице-министр өз сұқбатында биыл көпбалалы отбасылардың ай сайынғы жәрдемақыларын өзгерту мәселесі қаралып жатқан жоқ деп кесіп айтқан.

https://kaz.365info.kz/zheter-endi-khogam-belsendisi-halykhty-bagaga-toskhauyl-khoyuga-shakhyrdy-283352

– Әзірше, сол күйінде қала береді. Бірақ әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне бірқатар өзгерістер енгізілді. Ол заң жобасы өткен аптада Сенаттың қарауынан өтті. Қазір Президенттің қол қоюына жіберіліп отыр. Оған сәйкес, неке туралы Кодекске “көпбалалы отбасы” деген анықтама енгізіледі. Осы уақытқа дейін заң жүзінде ондай анықтама болмаған.

Сосын оларға беріліп жатқан қаржылай көмек “арнайы мемлекеттік жәрдемақылар” деп аталатын болады. Енді ол “Баласы бар отбасыларға арналған мемлекеттік жәрдемақылар” деп аталады. Оларды бөлек заңға шығарудың арқасында біз барлық жеңілдіктерді сақтай аламыз”, – депті вице-министр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз