Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Жақсы адамсыз ғой”. Ислам Кәрімовтің оппоненті Мирзиёевті жақтап шықты (видео)

Бұған қоса, өзбек оппозициясының ең беделді өкілі президент Мирзиёевті елде саяси және экономикалық реформа жасауға шақырды.

– Елде Мирзиёевтің экономикалық реформалар жасауына кедергі келтіретін қуатты топтар бар. Бірақ президенттің артында тұтас бір мемлекеттің күші тұр. Ол батыл болып, мемлекетті тұншықтырған мафиядан арылуы тиіс. Оған ұзақ уақыт қажет емес, өзгерісті бірден бастау керек, – деді Салих.

Еске салайық, 1991 жылдың желтоқсанында Өзбекстан Жоғарғы Кеңесінің депутаты, “Эрк” партиясының негізін қалаушы Мұхаммад Салих президенттік сайлауда Ислам Кәрімовтің жалғыз қарсыласы болды. 1992 жылы маусымда Салих елдегі қуғындауларға наразылық ретінде депутаттық мандаттан бас тартты. 1993 жылы сәуірде “мемлекеттік сатқындық” айыбымен ұсталды, бірақ әлемдік қауымдастықтың қысымымен бостандыққа шықты. Оған Ташкенттен шығуға рұқсат берілмеді. Бірақ ол Түркияға қашып кетті. Содан бері ол Стамбұлда тұрып жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз