Кәсіпқой бокстағы төртінші жекпе-жегінде жеңіске жеткен Жәнібек Әлімханұлы BoxRec рейтингінде әлдеқайда ілгеріледі.
“Жыртқыш” атымен танымал Вон Александрды жеңген Әлімханұлы рейтингте бірден 54 орынға көтерілді. Қазір Әлімханұлыны тізімнің 109-шы орнына тұрақтаған.
Отандық боксшының соңғы қарсыласы 11 жыл абақтыда отырып шыққан.
Айта кетерлігі, Жәнібек Әлімханұлы атақты Кроуфорд, Пакьяо, Ломаченко сынды боксшылармен серіктес болған Top Rank промоутерлік компаниясмен жұмыс істейді.
Естеріңізге сала кетейік, күні кеше Жәнібек Әлімханұлы америкалық қарсыласын өз отанында тізе бүктірген еді.
Артынша отандық боксшы өзіне қолдау білдірген барша қазақстандықтарға алғыс айтқан.