Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
4
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Жабылып қалған жеке зейнетақы қорлары қайта ашылуы мүмкін

Депутаттар Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қорының қызметін үйлестіруі тиіс Ұлттық банкті де қатал сынға алды. Өйткені, жеке компанияның шотына кеткен 5 миллиард теңгені банктің өз қаражатымыз деуі үлкен түсінбестік тудырып отыр. Мәжілісмендердің ойынша, бұл миллиондаған халықтың ай сайын жалақысынан жырып беріп отырған ақшасы. Қорға қаржы аудару заңмен міндеттелгендіктен, салымның сақталуына мемлекет жауап беруі керек. Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының төрағасы Руслан Ерденаев пен оның орынбасарын қамауға алғанын айта кетейік. Топ-менеджерлерге зейнетақы қорындағы 5 миллиард теңгені жеке компанияға негізссіз берген деген айып тағылуда.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз