Нұр-Сұлтан
Қазір
-5
Ертең
-12
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Жаңа девальвацияның белгілері: сандар ғана сөйлейді. Саясат жоқ

Әрине, статистикалық жағдайдың нашарлауына теңгенің американдық валютаға қатысты девальвациясы әсер етті, ол автоматты түрде доллар эквивалентіндегі сыртқы сауда көлемінің қысқаруына, сондай-ақ Қазақстаннан экспортталатын шикізат бағасының төмендеуіне әкеліп соқты. Соған қарамастан, қаңтардың қорытындысы бойынша, сыртқы саудадағы оң сальдо көлемінің жылдық есептеуде елеулі қысқарғаны айқын – 1,8 есе, $1,18 млрд-қа дейін. Абсолюттік шамадағы жоғалтулар $903,3 млн-ды құраған. Ал

сыртқы саудадан түсетін валюта табысының қысқаруы елдің төлеу теңгерімінің нашарлауына әкеліп соғады, одан кейін, алдыңғы дағдарыстық кезеңдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, девальвацияның орын алатыны бұлтартпайтын ақиқат

Сонымен қатар, Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен саудасында да жағымсыз нәтиженің орын алғанын атап өткен жөн – минус $214,8 млн., және ТМД мемлекеттерімен – минус $229,7 млн. Мұндай жағдай Ресеймен сауда қатынасындағы жағымсыз сальдо әсерінен қалыптасты, қаңтарда ол минус $302,7 млн-ды құрады. Қысқарған валюта табысының негізгі көзі ретінде бұрынғыдай, Қазақстанның „алыс шет елдер„ деп аталатын елдермен сыртқы саудасы танылып отыр, онда статистиктер $1 млрд 415,8 млн шамасындағы жағымды сальдоны тіркеген. Айтпақшы,

ЕАЭО мен ТМД елдерінің ешқайсысы біздің экспорттың жалпы көлеміндегі үлесі бойынша жетекші серіктестердің алғашқы үштігіне кірмейді

– ол жерде статистиктер Италияны (18,4 пайыз), Швейцарияны (11,1 пайыз) және Қытайды (8,9 пайыз) көрсеткен. 32,9 пайызбын Ресей басымдыққа ие болған импортта – жағдай бөлек. Сондықтан

енді ресейлік импорттың озбырлығына төтеп беруге, тіпті, теңгенің кезекті күрт девальвациясы да көмектесе алмас

Жекелеген елдердің Қазақстанның сыртқы саудасындағы меншікті салмағы, қорытындыға пайызбен шаққанда

12-2

21-e1458797569524

 

Дереккөз: ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Сатитстика жөніндегі комитеті.

Орысшадан аударған Қайрат Матреков

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз