Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
3
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Жәзира Жаппарқұл күміс медалі үшін алатын сыйақысын сіңлісіне жұмсамақ

Аталған бейнероликке спортшының өзі былай деп жауап берді:

– Менің сіңілім церебралды сал ауруымен ауырады. Мен оның сауығып кеткенін қалаймын және сол үшін аянбай тер төгіп жүрмін. Сіңілімді емдету үшін қомақты қаражат керек. Енді менің еншімдегі ақшаның барлығы Альфияның еміне жұмсалады. Ал, мойнымдағы медальді және Риодағы жеңісімді еліме арнаймын.

Естеріңізге сала кетсек, Жазира Жаппарқұл 11-ші тамыз күні ауыр атлетикадан 69 келіге дейінгі салмақта күміс медальді иемденген еді. Жазира Қытай елінің спортшысынан жарақатына байланысты айласын асыра алмаған екен. Бұл туралы журналистер қауымына өзі айтып берді.

Жалпы, ол көпбалалы отбасынан шыққан.  Жәзира – үйдегі 7-ші бала.

Қазақстанда Олимпиаданың күміс медаліне 150 мың доллар сыйақы қарастырылғанын баса айта кетелік.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз