Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Жұрт Абай Бегейдің жанындағы жап-жас қыздың кім екенін таппай әлек (фото)

321

Айтпақшы, әнші әлеуметтік желіні мұндай суреттерімен алғаш рет шулатып отырған жоқ. Бұдан бұрын да бейтаныс келіншекпен түскен суретін парақшасына салып, ол кезде әншінің тыңдарманы суреттегі адамның кім екенін білмей, түрлі болжам жасаған. Кейін сыбыстан сыбыс шығып Абай Бегей мен Ақбота Керімбекова екеуінің шаңырақ көтергелі жүргені жайлы әңгіме ел арасына тарап кеткен. Кейін бұл ақпаратты Ақботаның өзі жоққа шығарған еді.

Ал осы жолы  әнші әлеуметтік желідегі парақшасына жап-жас қызбен түскен суретін салып қойған. Бір қызығы бойжеткен желі қолданушыларының көңілінен шығыпты. Өткен жолғыдай сынға алған пікірлердің саны сап тыйылған екен. 

“Көңіл қосып жүргенге ұқсайды. Әй, бірдеме бүлдірмегін”, “Керемет, Әбеке!”, “Ммм… кім екен өзі?”, “Қасыңыздағы әдемі қыз кім?”, “Ал енді сұрақтың астына қалатын болдың ғой, Әбеке” депті желі қолданушылары. 

Айта кетелік, Абай Бегейдің жолдасы Нұржанат былтырғы жылы дүниеден озған. Қазіргі күні әнші Жалғас, Әмина, Ерке, Сымбат есімді ұл-қыздарын тәрбиелеп отыр.

13734469_1205220826166135_652001638_n

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз