Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Жоғалып кеткен «Томирис» фильмінің продюсері хат қалдырып кетіпті (видео)

Жары Марат не деп жорамалдарын да білмейді. Өмірден баз кешіп кетердей көре алмас қасы да, батқан қарызы да, тұрмыста кикілжің болмаған дейді.

“Сағат сегіздер шамасында Достық пен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысындағы дәріханаға барған. Қызым кейінірек ол жердегі бейнебақылаудың жазбасын алды. Түрлі дәрі-дәрмек сатып алған. Жұмыс көп, ұйқысы аз болғандықтан  үнемі басы ауыратын”, деді жары.

Дәріханадағы жазбаға қарағанда Аннаның үстінде қара көйлек. Көзілдірік таққан. Шашы түюлі. «Томирис» фильмінің продюсері Анна Чакиртованың жоғалуы әріптестерінің төбелеріне жай түсіргендей болды. Кейбірі, тіптен жұмыстарын тастап, Аннаны іздейтін еріктілердің қатарына қосылған.

Бір хабар бола ма деген үмітпен еріктілер әр аулаға Аннаның суретін іліп, қаланың қуыс-қалтарыстарын тізе бікпей сүзіп жатыр. Ал, қызы Камилаға «Мен сені сүйем» деп анасы жолдаған соңғы хабарламасының төркіні әлі жұмбақ болып тұр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз