Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Жұлдызым” емес, “Белый снег”. Игорь Крутой Азиада әнұранын орыс әншісіне бере салды

155

Ресейлік телеарналардың бірінен жаңажылдық мәнерде қайтадан орындалған бұл ән қазақстандықтардың наразылығын туғызған деп хабарлады Tengrinews.kz.

“Батырхан Шүкенов атындағы қор” Қоғамдық қорының директоры әрі әншінің досы Олжас Байқанов осыған дейін Игорь Крутойдың әні мен Ұлықбек Есдәулеттің сөзіне жазылған “Жұлдызым” әнін Батырхан Шүкенов пен Роза Рымбаева Азиада-2011 ашылуында айтқанын еске салды.

“Бұл, әрине, өте өкінішті жағдай… Азиаданың ашылу салтанатында Астанада Батыр мен Роза Рымбаеваның осы әнді орындағаны есімде. Бұл әнді басқа біреудің орындағанын қаншалықты дұрыс деп сұрап жатқандар көп. Иә, әуенін Игорь Крутой жазған. Оған құқықтық жағынан шағым болмауы тиіс. Ал адамгершілік тұрғысынан ше? (…) Бұл ән Ұлықбек Есдәулет жазған “Жұлдызым” әні ретінде есте қалатын шығар деп ойлаймын”, – деп жазды Олжас Байқанов Facebook желісінде.

Олжас Байқанов бұл жағдайға байланысты Игорь Крутойдың продюсерлік орталығына әлі хабарласпағанын айтты.

“Батыр мен Роза Қуанышқызы орындаған Азиада әнұранының қайталап орындалғаны өкінішті. Қазақстандықтардың есінде бұл ән Батыр орындаған ән ретінде қалғанын қалаймын. Себебі әннің осы нұсқасы тыңдарманның жүрегін жаулап алды. Ал кейін айтылған ән жаңажылдық мәнде айтылып жүр. Бірақ ол бастапқыда Азиада-2011 әнұраны ретінде шықты ғой! Бастапқыда бұл әнді Батыр айтады деп достық пейілмен келіскен – сөйтіп, ешқандай да құжатқа қол қойылмаған”, – дейді Байқанов.

Демек, Игор Крутой бұл әнді қалай пайдаланамын десе өз еркі екен. Бірақ ол кісі шығармашылық тоқырауға ұшыраған сыңайлы. Әйтпесе тұтынушыларына жаңа туынды ұсына бермейді ме?.. Ал марқұм Батырдың құрметіне бұл әннің қолданысын, ең құрымағанда, 1-2 жыл доғара тұрса болар еді, ғой. Ани Лорак ше?.. Ол қалай кеше ғана көзіне жас алып, қазасына қайғырған әріптесінің әнін оп-оңай иемденіп, орындай салды екен?..

Иә, Байқанов та, қазақстандықтарды да осы арасы өкіндіріп, наразылық туғызып отырғаны рас, енді…

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз