Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Өзге ұлттың жігітіне ғашықпын

188

Ұлты татар бір жігітке ғашықпын.  7 жылдан бері араласамыз,  8 ай болды жургенімізге. Осы жігітпен кездескеніме анам қарсы, мені көрмей кетсең де,  оның əке-шешесімен араласа алмаймын дейді. Ал жігітім үйінде жалғыз ұл, əпкелері тұрмыста. Шөп шегетіні бар, оны көбісі шегеді ғой танитындарымнан, қоямын дейді, қазірде шегіп жүрген жоқ.

Екеуміздің де жасымыз 21-де.. Отбасын құрғымыз келеді, мені қатты жақсы көреді, мен де оны жанымнан артық көремін. Бəрі қызығады бізге, достарымыз үнемі қызығып, бізді жақсы жұпсыңдар дейді. Папам бəрін біледі,  өзің біл деп көніп отыр, тек мамам қарсы, не істесем екен, ақыл айтыңыздаршы көпті көрген əпкелер, анамды аттап қалай кетемін?! Өзім үйдің кішісі, жалғыз қызбын. Ол бала мені бақытты ететініне сенімдімін, мамамды қалай сендірем?! Солай болды, мені ол үшін жазғырудың қажеті не?! Неге ешкім түсінгісі келмейді?! Мен сонда не істеуім керек?!

valentina-vasileva-700x700

Аноним

Дереккөз: Алашайнасы 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз